САН ЕСІМДЕР БАР ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САРАЛАНҒАН ТӘСІЛ: ОҚЫТУ АНАЛИТИКАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН

Автор(лар)

  • Джузбаева Г.А. Kazakh National Women Training Teachers University
  • Жауыншиева Ж.Б.
  • Беркинбаева Г.О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.029

Кілт сөздер:

Cандық фразеологиялық бірліктер, сандық символизм, когнитивтік дайындық, мәдениетаралық коммуникация, сараланған оқыту, ағылшын тілін оқыту, мәдениетаралық құзыреттілік, тілді меңгеру деңгейі, оқыту аналитикасы

Аннотация

Бұл мақалада қазақ, ағылшын және орыс көркем мәтіндеріндегі сан есімдерге негізделген фразеологиялық бірліктер лингвистикалық, когнитивтік және педагогикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – сан есімдер қатысқан фразеологиялық бірліктердің семантикалық, мәдени және интерпретациялық ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың ағылшын тілін саралап оқыту аясындағы педагогикалық әлеуетін айқындау. Зерттеуде жүйелік және салыстырмалы талдау, синтез, дедукция, жіктеу, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарды талдау әдістері қолданылды. Мақалада үш тілдегі сан есімдерге негізделген фразеологиялық бірліктердің семантикалық айқындығы, мәдени жүктемесі және интерпретациялық күрделілігі негізінде жіктелуі ұсынылған. Зерттеу нәтижелері қарастырылған тілдердегі фразеологиялық бірліктердің символикалық мағынасы, мәдени ерекшелігі және интерпретациялық күрделілігі бойынша едәуір айырмашылықтарға ие екенін көрсетеді. Қазақ фразеологиясы мәдени және тектік символиканы бейнелейді, ағылшын фразеологиясы коммуникативтік прагматизммен және семантикалық айқындықпен сипатталады, ал орыс фразеологиясы метафоралық бейнелілігімен және эмоциялық реңкімен ерекшеленеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы сандық символиканы ағылшын тілін саралап оқыту аясында пәнаралық және салыстырмалы тұрғыдан талдауымен анықталады. Жұмыстың практикалық құндылығы фразеологиялық материалды білім алушылардың тілдік даярлық деңгейі мен мәдениетаралық құзыреттілігіне бейімдеу мүмкіндігімен байланысты, бұл білім беру үдерісінде сөздік қорды, интерпретациялық дағдыларды және мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға ықпал етеді. Ұсынылған жіктеу моделі ағылшын тілін оқытудағы көптілді білім беру ортасында оқыту аналитика қолдануымен мәдени-бейімделген және сараланған оқу материалдарын әзірлеудің әдіснамалық негізі бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles