ТҮПНҰСҚАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, «E-LEARNING» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТІЛДІ ҮЙРЕНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.018Кілт сөздер:
E-learning, түпнұсқалық материал, виртуалды сыныптар, қашықтықтан оқыту,, ТV-технологиялары, кейс технологиялары, тіл үйренуАннотация
Пандемия жағдайында технологиялардың дамуы мен карантиндік іс-шаралардың енгізілуіне байланысты Қазақстанның білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болды, атап айтқанда, қашықтықтан оқытуды енгізу. Сонымен қатар, виртуалды сыныптарға білім алушылар мен оқытушы сыныпта тікелей оқумен бірдей деңгейде өзара әрекеттесе алатын кеңістік ретінде үлкен көңіл бөлінеді. Осы зерттеудің мақсаты лингвистикалық бейіндегі сабақтарды өткізу кезінде электрондық оқыту жүйесі («E-learning») бойынша теңтүпнұсқалы материалды пайдалану туралы деректерді жүйелеу болып табылады. Беделді ғылыми дереккөздердің негізінде авторлар осындай тәжірибеге егжей-тегжейлі талдау жүргізді, сондай –ақ бірнеше теориялық тұжырымдамалардың сипаттамасын ұсынды: біріншісі қашықтықтан оқытуға байланысты («E-learning» сипаттамалары, артықшылықтары мен проблемалары ашылды); екіншісі -түпнұсқалық материалды сипаттау және жіктеу және оны қашықтықтан оқыту кезінде тілді үйренуде пайдалану. Мақалада ұсынылған материал тілді игеруде маңызды рөл атқарады, өйткені ол тілдік, әлеуметтік-мәдени және грамматикалық дағдылардың дамуына ықпал етеді. «E-learning» виртуалды сыныптарында белгілі бір түпнұсқалық материалды пайдалану туралы талданған бірқатар зерттеулердің деректері негізінде авторлар осы оқыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. Алынған мәліметтер негізінде тілді үйренуде виртуалды сынып пен түпнұсқалық материалды пайдалану оқу бағдарламасын сәтті игерудің ажырамас бөлігі болып табылады деген қорытынды жасалды, сондықтан лингвистикалық оқытушыларға оларды білім алушылардың жергілікті шындықтары мен жеке қажеттіліктеріне сәйкес пайдалану ұсынылады.