WEB 2.0 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА СӘЙКЕС БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУДЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.023Кілт сөздер:
сандық технологиялар, Web 2.0, билингвалды бағдарлама, компьютерлік оқыту, жүйелі шолуАннотация
Соңғы онжылдықтарда оқыту мен білім беру процесіне қазіргі қоғамда және алдыңғы қатарлы білім беру жүйелерінде танымал болған сандық технологиялар айтарлықтай әсер етті. Бұл мақалада әртүрлі елдерде екінші тілді оқыту мен үйрену тәжірибесін жетілдіру үшін жүзеге асырылған стратегияларды көрсетуге бағытталған зерттеу ұсынылған. Полилингвизмді дамыту арқылы жаңа білім алу Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кірігуінің драйвері бола алады. Зерттеудің тұжырымдалған мақсатына жету үшін авторлар соңғы жылдардағы көптеген әдебиет көздерін журнал мақалаларынан, есептерден және кітап басылымдарынан қарады, таңдады және талдады. Құжаттарды талдау және әдебиеттерді шолу кезінде Scopus және Google Scholar сияқты бірнеше электрондық мәліметтер базасы қолданылды. Іздеу «second language» және «language learning» сияқты бірқатар кілт сөздер бойынша жүргізілді. Содан кейін авторлар белгілі бір стратегияның, тәсілдің өзектілігі мен қолданылуын анықтау үшін жиналған деректерді мұқият талдады. Әдебиеттерді талдау нәтижелері бойынша сандық технологиялардың билингвалды оқыту жүйесі үшін маңызды мәні бар екендігі анықталды. Авторлар оқыту кезінде цифрлық технологиялар қолданылған зерттеулерде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қоса алғанда, әлеуметтік және тілдік құзыреттіліктері ойдағыдай қалыптасқандығына қорытынды жасады. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың құзыреттілік деңгейлерін анықтауға және билингвалды оқыту кезінде білім сапасын объективті бағалауға көмектесті. Осылайша, цифрлық технологиялар тілді неғұрлым серпінді үйренуге ықпал етеді деп айтуға болады.