ДИАЛОГТІК СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНА ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ МӘНІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.015Кілт сөздер:
диалог, , диалогтік оқыту,, икемді дағдылар, сыни тұрғыдан ойлау,, шығармашылық, коммуникация, тілдік тұлғаны қалыптастыру, қарым-қатынас.Аннотация
Бұл мақалада диалогтік сөйлеуді оқытуды жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері жан-жақты талданған. Оқушылардың сыпайы сөйлеу әдебін сақтай отырып, ойларын дәйекті, көркем сөз жеткізе білуге дағдыландыру - тілді оқытудың негізгі мақсаттарының бірі деп танылады. Дегенмен, «Оқушының сөйлеу мәдениеті» мәселесі жаңа талаптарға сай оқыту әдістемесінің күні бүгінге дейін арнайы зерттеу нысаны ретінде алынбай келе жатқаны мақаланың өзектілігін дәлелдейді. Бәсекеге қабілетті ұрақты даярлауда, өмірлік дағдысы бар тұлға тәрбиелеуде диалогтік сөз мәдениеті мәселелері кеңінен сөз болады.Ана тілін оқытуда ауызекі сөйлеу дағдысын дамытудың ең тиімді құралдарының бірі – диалог. Диалогік сөйлеу - қарым-қатынастың негізгі формасы ретіндегі маңыздылығы адамдардың өзара әрекеттесу қажеттілігімен туындаған. Мақалада жоғары сынып оқушыларының ана (қазақ) тілінде диалог құра білу іскерлігін дамытуға арналған мәселелер қарастырылады. Мақала жоғарғы сынып оқушыларының диалогтік сөйлеу арқылы икемді дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту экспериментінің нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу аралас тәсілдермен талдау әдіснамасы бойынша жүргізілген. Сандық деректер білімалушыларға жүргізілген бірнеше нұсқалық жауаптары бар сауалнамадан алынды. Зерттеудің сапалылық әдісі арқылы алынған ақпарат «Диалогтік сөйлеу» элективті курсының теориялық негіздеріне, қазақ тілін оқытудағы аудиториялық тапсырмалардың мазмұнына сүйене отырып алынған. Эксперименттік оқыту үш кезеңде жүргізілген: а) дайындық, ә) диалогтік сөйлеуді дамыту б) білім алушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру. Зерттеуге орта мектептің 90 білімалушылары қатысты. Жағдаяттық тапсырмаларды қолдану арқылы білімалушылардың икемді дағдыларын қалыптастырып, психологиялық және тәрбиелік тұрғыдан диалог құруға баулу мәселесі ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде авторлар диалогтік сөз мәдениетін оқытуда мақсатты нәтижеге жету үшін арнайы стратегия мен жақсы сабақ жоспарын құру қажет деген қорытындыға келген. Мақалада жоғарғы сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру және оның интеллектуалдық, коммуникативтік, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту үдерісіндегі диалогтік сөз мәдениетінің ерекше маңыздылығы, сөйлеу шеберлігі, сөз тазалығы, оны меңгеру, тәрбиелік мәні қарастырылған.