БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.007Кілт сөздер:
болашақ маман, шығармашылық, кәсіптік оқыту, шығармашылық өзін-өзі дамыту, ұлттық құндылық, сәндік-қолөнер, дидактикалық компонентте, кәсіби қызметАннотация
Мақалада болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру өзін-өзі дамыту құралы ретінде, адамның әлеуметтік болмысының негізгі мазмұны мен оның логикалық ойлау қабілеттеріне деген көзқарасы қарастырылады. Болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру барысында қазіргі уақытта болып жатқан жоғары білім беру реформасы оқыту парадигмасына көшумен байланысы көрсетілді.
Сондай-ақ білім алу барысында кәсіби шығармашылықпен қатар ғылымда шығармашылық мәселелері де берілді. Онда шығармашылық қабілетті жетілдіру барысында олардың құрылымы, игерілетін білімнің психологиялық түрі, оны дамыуда ішкі іс-қимыл жоспарынан алынған қызмет түрімен анықтау жолдары ұсынылды. Мұнда ғылыми мәселелерді дамытуда дискурсивті және интуитивті шешімдерді рәсімдеуге мүмкіндік берілді.
Кәсіби білім беру салаларында болашақ мамандардың шығармашылық өздерінің идеясына сипат беруге мүмкіндігі мен адамның қазіргі қоғамда өнімді еңбек әрекеті арқылы өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету көзделді. Шығармашылық әлеуетінің деңгейін арттыру мақсатында, ұлттық құндылықтарын табысты іске асырудың маңызды факторын еңгізді.
Шығармашылық еңбектің мәні мен сипатының өзгеруін тек экономикамен ғана байланыстырмай, бүкіл қоғамның жаңа парадигмасының негізі анықталды. Онда болашақ маманның сәндік-қолданбалы өнер әрекеті негізінде шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үдерісінің моделі жасалды. Ұсынылған модельдің нәтижесі болашақ мамандарды сәндік-қолданбалы өнер іс-әрекетте өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары деңгейге көшуі жолдарын көрсетті. Мұнда жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін мотивтер өзгереуі, жұмыс әдістері жақсаруы, оған жауапты көзқарас қалыптатыны, қажетті шығармашылық жұмыс қабілетінің пайда болу позициясы қалыптасатыны қарастырылды.
Сәндік қолданбалы өнердегі шығармашылық жұмыстардың негізгі бағыттары ұсынылып, кәсіби білім беруде бірін – бірі қайталамайтын өзіндік бояуы, колориті, бағыты, стилі, орындалу техникасының ерекше маңыздылығы назарға алынды.
Зерттеу барысында болашақ мамандардың ұлттық құндылықтар негізінде жеке шығармашылық компоненттерін дамытудың тиімді жолдарын оқу процесінде пайдалану мүмкіндіктері анықталады. Отандық және шетелдік ғалымдардың болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жайлы зерттеулерін қарастырып, талдау жасай отырып, кәсіптік оқыту мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңғыртуға, шығармашылық идеяны дамытуда практикаға бағыттау тұжырымдамасын қайта қарау, ұлттық құндылықтарға оның ішінде сәндік қолөнер туындыларын орындауға баса назар аудару жайлы қорытындыға келді.