ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ГЕНЕЗИСІ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ

Автор(лар)

  • Сыздықбаева А.Д. КазНПУ имени Абая
  • Абдигапбарова У.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.004

Кілт сөздер:

Қазақстанның педагогика ғылымы, жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімнің генезисі, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, халықаралық «Болашақ» стипендиясы, магистратура, докторантура

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімнің Мақалада Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімнің генезисі карастырылды. Авторлар 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі ғылыми педагогикалық жүйенің қалыптасуының отандық тарихына талдау жасады. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудағы елеулі тұлғаларды атап өтсек, олар: Т.Тәжібаев, Р.Г. Лемберг, К.Б. Бержанов, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, Р.Д. Иржанова, И.М. Кузьменко, Б.Р. Айтмамбетова, Б.И. Мұқанова, А.А. Бейсенбаева, Т.С. Сабиров, Г.К. Байдельдинова, Н.Д. Иванова, Е.И. Шныбекова және т.б.ҚР Ұлттық кітапханасының «Білім» бағыты бойынша 2010 жылға дейін қорғалған 460 кандидаттық және докторлық диссертациялар туралы мәліметтер келтірілген. Қазақстанда 4240 кандидат пен 1703 ғылым докторы жоғары ғылыми біліктілікке ие кадрларды құрайды. Жұмыстарды талдау педагог кадрларды даярлаудың әдістемелік ерекшеліктерін аша отырып, зерттеудің іргелі сипатын, жан-жақтылығын көрсетті. Педагогтардың ғылыми даярлығының тұғырындағы бетбұрыс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш сатылы құрылымына: бакалавриат, магистратура және докторантураға көшу және «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының енгізілуі болды. Авторлар «Болашақ» халықаралық стипендиясының даму кезеңдерін және осы бағдарлама бойынша стипендиатты таңдау критерийлерін ашып көрсетеді. Докторантураға қабылдаудағы жаңалықтар мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде ғылыми кеңесшілерге қойылатын талаптардың жоғарылауы ұсынылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтері бойынша PhD докторанттарының саны, оқу бітіргені және жасы, барлығы 6364 адам талданған. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогикалық кадрларды даярлау бағыттары мысалында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу жоспарының, докторантураның ғылыми әлеуетіне, мазмұнына талдау жасалды. Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да 17 білім беру бағдарламасы бар, оның ішінде 8-і 8D01 Педагогика ғылымдары PhD докторларын даярлауға арналған білім беру бағдарламасы, оның ішінде келесі оқыту бағыттары: 8D011 Педагогика және психология, 8D012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы, 8D013 Педагог кадрларды даярлаусыз пәндік мамандық, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 8D019 Арнайы педагогика. Мазмұнды талдау педагогикалық өлшем, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту, дефектология саласындағы зерттеулердің жеткіліксіздігін көрсетті. 2019 жылы үш бағыт бойынша постдокторантура ашылды: әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық және филологиялық.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи