ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Слямхан М.М. University
  • Қайыңбай Ж.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.021

Кілт сөздер:

PISA, функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, оқу сауаттылық, оқу жетістіктері, оқушылар, құзыреттілік

Аннотация

Білім берудің қазіргі заманғы стратегиялық міндеттерімен, халықаралық жетістіктер аясында білім деңгейін көтеру қажеттіліктерімен, оқыту нәтижелерінің объективтілігін және мектеп түлектерінің елімізден сырт жерлерде де бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттіліктерімен анықталады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру оқу қызметіндегі жүйелік кешенді өзгерістердің болуына, заманауи талабына сай дағдылардың қалыптасуына, білім алушылардың функционалдық сауаттылығына және әртүрлі мінез-құлықтың жағымды стратегияларын жасауға байланысты жаңа нәтижелерге қол жеткізгенде болады. Осыған байланысты кәсіби қауымдастық алдында тұрған міндеттердің бірі - оқу процесінде алған білімдерін әртүрлі білім беру және практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білу қабілетін қалыптастыру мен бағалауға ықпал ететін ұлттық құралдар мен технологияларды дамыту - функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

Мақалада функционалдық сауаттылықтын пайда болу тетіктері, қажеттілігі және функционалдық сауаттылықтың анықтамасы берілген. Функционалдық сауаттылықтын түрлері: математикалық сауаттылық, ғылыми жаратылыстану сауаттылық және оқу сауаттылығының аңықтамалары берілген. Функционалдық сауаттылықтын түрлеріне байланысты әр сауаттылық бойынша Қазақстан оқушаларының PISA (Programme for international student assessment) халықаралық салыстырмалы зерттеудегі нәтижелері кестеде келтірілген. Қазақстан оқушыларының PISA халықаралық салыстырмалы зерттеудегі нәтижелерінің қорытындысы берілген. Қазақстан оқушыларының  функционалдық сауаттылығын жетілдіру жолдары жайлы ойлар тұжырымдалған.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи