КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ФИЗИКА ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.009Кілт сөздер:
кейс, технология, әдіс, физика оқыту әдістемесі, кейс-стади, жағдаяттар әдісі, ғылыми-зерттеушілік, құзыреттілікАннотация
Болашақ физика педагогтарының ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудағы кейс-технологиясының педагогикалық потенциалы анықталды. Студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуда мұғалімнің рөлі айқындалды. Зерттеудің айқындаушы кезеңінде сауалнама әдісі арқылы болашақ физика студенттерінің ғылыми-зертеушілік құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі анықталып, болашақ физика педагогтарының ғылыми-зерттеушілік құзыреттіктерін кейс-технологиясы арқылы қалыптастыру үрдісі жүзеге асырылды. Кейс-технологиясын физика сабақтарына біртіндеп енгізу бойынша мұғалімге әдістемелік ұсыныстар келтірілді. Кейстердің жүйелік құрылымы әзірленді және олардың жіктелуі жүргізілді, бұл студенттердің базалық білімді кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар олардың болашақ физика педагогының қызметінің басқа да аспектілерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің қалыптастырушы кезеңінде студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың мазмұны мен қолдану технологиясын қамтамасыз ететін «Механика», «Молекулалық физика», «Оптика», «Кванттық физика» бөлімдері бойынша кейстер әзірленді, кейстер жинағы семинар сабақтарында апробацияланды. ЖОО-да болашақ физика педагогтерімен жүргізілген тізбектелген семинар сабақтарында кейс-технологиясын қолдана отырып, технологияның тек гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесінде қолдану мүмкіншілігі айқындалды. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде қалыптастырушы кезеңнің мәліметтері статистикалық өңделді.
Ұсынылып отырған кейстер болашақ физика педагогтарының зерттеу жұмысын ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін. Мақалада әзірленген материалдар жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу үрдісі кезінде және біліктілігін арттыру курстарының тәжірибесінде қолданыла алады. Мақала болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеушілері үшін пайдалы болуы мүмкін. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үрдісімен байланысқан теориялық және практикалық әзірлемелер енгізуге мүмкіндік беретін нәтижелер алынды.