ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БЛОКЧЕЙН ЭЛЛЕМЕНТТЕРІ БАР ҚАШЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Сахипов А.А. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ермаганбетова М.А. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.010

Кілт сөздер:

жоғары білім, цифрлық технологиялар, қашықтықтан оқыту, блокчейн, электронды портал, оқу үдерістерін автоматтандыру

Аннотация

Ғылыми зерттеулердің өзектілігі қашықтықтан оқытудың ақпараттық процестерін басқаруды қолдау білім беру ақпаратын беру және өңдеу кезінде қолданылатын жүйелік ресурстарды тиімді бөлу мәселесімен байланысты екендігінде. Қолданыстағы әдістер мен технологияларды қолдану өз мүмкіндіктерін сарқып тастады, үздіксіз білім беру үдерісіне заманауи технологиялық құралдарды енгізу қажеттілігі туындады. Бұл зерттеудің мақсаты блокчейн технологиясының элементтері бар үздіксіз білім беру жүйесіне арналған электрондық порталды құру принциптерін кешенді талдау және әзірлеу болып табылады. Электрондық порталдың маңыздылығы электрондық мәліметтер базасын құруда және білім беру үдерісінде желілік байланыстарды енгізу мен қашықтықтан технологияларды пайдалануды орталықтандырылған бақылауда. Авторлар зерттеу жүргізіп, оқу процесін автоматтандыру және оңтайландырудың ақпараттық жүйесін құрудың мақсаттарын, міндеттерін және принциптерін анықтады. Бұл мақалада біз жоғары оқу орындарындағы блокчейн технологияларының құндылығын талқыладық және қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін технологияны қолданудың кейбір жолдарын ұсындық. Жұмыстың ғылыми жаңалығы оқу қызметін жүзеге асырудың ақпараттық құралдарын жасаумен, оның тиімділігін арттырумен, сонымен қатар дәстүрлі құралдар мен жаңа цифрлық құралдарды біріктірумен айқындалады. Нәтижелерді талдай отырып, электронды порталды енгізу кезінде блокчейн технологияларын енгізу талаптары мен мақсаттарын ескеру қажет. Электрондық порталды, сондай-ақ геймификация құралдарын енгізу, үлкен деректермен және жасанды интеллектпен жұмыс істеу үшін блокчейн технологияларын пайдалану студенттер мен мұғалімдердің ынтасын арттыра отырып, оқу үдерісіндегі жұмысты жеңілдетіп, жеке іске асыруға мүмкіндіктер туғызады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи