ШЕТТІЛДІК ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ДИСКУРСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.013Кілт сөздер:
лингводидактика, болашақ дипломат, дипломатиялық дискурс, коммуникативті дискурс, халықаралық қатынастар, дипломатиялық терминология, термин, коммуникативтікАннотация
Қазіргі жаһандану жағдайында шеттілдік білім беру мәселесі жиі өзгеріске ұшырауда. Болашақ мамандары даярлау барысында кәсіби ортаға бейімделуіне жол ашу, бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тұлғалыққа және біліктілікке бағыттау маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда, тиімді, нәтижелі еңбек етуге қабілетті, білікті мамандар талап етілуде. Кәсіби білім берудің мақсаты-тұлғаны бірнәрсе үйрету ғана емес, сонымен қатар, оларды өмірде кездесетін әртүрлі кәсіби жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын табу мүмкіндігін беру. Мақалада автор қазіргі таңда арқау болып отырған дипломатиялық халықаралық қатынастардың құрылымы халықаралық сарапшылардың кәсіби дискурсының қалыптасуына тікелей әсер ете отырып, күрделене түсетіні атап өтеді. Қазақстан мен шет елдердің ортақ ғылыми және білім беру кеңестігін құрайтын интеграциялық процестер әлемнің басқа елдеріндедегі әріптестерімен іскерлік, мәдениетаралық және күнделікті қарым-қатынасқа қатысуға қатысты әртараптандырылған мамандарға қажеттілігін айтады. Әдебиеттерді теориялық талдау дипломатиялық шеттілдік мәдениаралық коммуникативті дискурсын қалыптастырудағы дидактикалық жағдайларды дамытудың перспективалық бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудің перспективасы коммуникативті құзыреттілікті дамыту үшін болашақ дипломаттарды кәсіби қызметке даярлау тапсырмасының тиімділігімен негізделеді. Мақаланың негізгі мақсаты болашақ дипломаттардың шеттілдік дипломатиялық дискурсын қалыптастырудың лингводидактикалық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Яғни, автор мақалада дипломатиялық шеттілдік мәдениетаралық коммуникативтік дискурсын қалыптастыруда болашақ дипломаттың тілдік тұлғасын сипаттайтын маманның шет тіліндегі кәсіби коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігін сипаттайды.