ТҰЛҒАҒА-БАҒДАРЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ҮЛГІСІ (АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЫСАЛЫНДА)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.024Кілт сөздер:
білім беруді модернизациялау, оқыту сапасы, тұлғаға-бағдарланған педагогикалық әдіс-тәсілдер, тұлғаны дамыту, оқу іс-әрекеті, оқу жетістіктері, білім беру нәтижелері, шығармашылық потенциал, жобалау технологиясы, тұлғаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы, экономикалық даму үрдістері, оқыту үлгісіАннотация
Оқыту немесе оқу іс-әрекетіндегі мұғалімнің қызметі оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Өйткені білім алушылардың оқу жетістіктерінен көрініс табатын білім беру нәтижелері оқыту сапасына тікелей байланысты. Ал оқыту сапасы мұғалімнің оқу және кәсіби іс-әрекетінде қалыптасып дамитын шығармашылық потенциалының нәтижесі.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесінен білім алушылардың әртүрлі пәндерден алған білім жиынтығын игеруін және оны белгілі жағдаяттарда қолдана алуын талап етпейді. Қоғам жылдам өзгеріске даяр, белгісіз жағдаятта күрделі мәселелерді шеше алатындай өзін-өзі дамтуға, өзбетінше білім алуға және кәсіби өзіндік анықталуға мақсатты түрде бағытталған тұлғаны қажет етуде.
Осындай қоғамдық сұранысқа жауап беру үшін оқытушы өзінің кәсіби іс-әрекетін оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы жақсарту керек екендігін жақсы түсінеді. Педагогика ғылымы үнемі оқытудың тиімді әрі жүйелі әдістерін іздестіру бағытында дамуда, негізгі міндеті – оқыту сапасын көтеруге әсер ететін әдіс-тәсілдерді анықтау. Жалпы педагогикада берілгендей география пәнін оқыту әдістемесінде де оқытудың әдістері білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен білім алушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері екендігі белгілі. Осыларды ескере отырып, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануда оқу үдерісін жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыру және тұлғаны қалыптастырудың психологиялық механизмін игеру сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Мақалада ауыл шаруашылығының экономикалық даму үрдістерін оқыту үлгісін жасаудағы оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау және оқу іс-әрекетінің алгоритмін дайындау мәселелері талқыланады.