БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ КӘСІБИ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫН БАҒАЛАУ

Автор(лар)

  • Шакирова А.Д. Жетысуский университет имени И.Жансугурова
  • Токсанбаева Н.К.
  • Шакирова Н.Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.008

Кілт сөздер:

мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын жаңғырту, жаңа білім беру нәтижелері, мұғалімнің кәсіби стандарты, әрекеттік тәсіл, білім берудің жаңа нәтижелері, кәсіби құзыреттіліктерді тәуелсіз бағалау, білім сапасын бағалау, кәсіби педагогикалық субъектілік, болашақ мүғалімдер

Аннотация

Мақалада педагогтың кәсіби стандарты талабына сәйкес, білімгерлердің (болашақ педагогтардың) жалпы кәсіби қабілеттерін қалытасуына тәуелсіз баға беруді жүргізудің тәжірибесі мен құралу әдіснамасы көрсетілген. Қатысушылардың кәсіби компетенцияларын қалыптастырудағы тәуелсіз бағалау жүйесі жоғарғы оқу орындарының қатысушарымен екі рет апробацияланып, педагогикалық білім беруде өзгертіп, жаңашалауға көңіл бөлінген. Жұмыста жеке тұлға рефлексиясының деңгейін анықтауға А.В.Карповтың, В.В.Понамареваның әдістемелері қолданылды. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орнында оқуға мотивация диагностикасын зерттеуге Т.И.Ильина әдістемесі де жүзеге асты. Болашақ педагогтың кәсіби педагогикалық әрекет субъектісі болып басқа әрекеттермен қатар кәсіби рефлексиямен де қаралып, зерттеліп анықталады. Жас педагогтар, көп жағдайда, кәсіби педагогикалық қалыптасуға әсер ететін бейімделу стрессімен кезігеді және оны жеңу үшін кәсіби тұрғыда қолдауды қажет етеді. Кең эмпирикалық материал негізінде түрлі форма, білім беру деңгейіндегі және тұлғалық рефлексия негізіндегі білімгерлердің оқуға деген ұмтылысы, қызығушылығы мотивацияларына айқындылығы көрсетілген. Жүргізілген жиынтық, топшылау, талдау, жекелеу, жинақтау анализы білімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын жекеше құруға мүмкіндік берді. Бағалау бойынша болашақ мұғалімнің құзыреттілік профилін және оқу тобына, жобаға бейінін құруға мүмкіндік береді деген пікір бар; оқытушының кәсіби стандартының талаптарына сәйкес студенттерді кәсіптік қызметке дайындаудағы университеттің жетістігі айқындалған. Сонымен, қойылған мақсатқа сәйкес, оқуда әлеуметтік және психологиялық тренинг әдісін қолдану білімгерлердің кәсіби қабілет деңгейін көтереді. Бұл зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, білім жетілдіру орталықтарына, білім берудің педагогикалық кәсіби білімгерлеріне ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи