ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ САЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Азимова Г.У. КазНЖПУ
  • Сатбекова A.A.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.017

Кілт сөздер:

қазақ тілі, оқыту әдістемесі, мобильді қосымшалар, мобильді құрылғылар, АКТ, тіл үйрету, инновациялық технологиялар, заманауи әдістер

Аннотация

 Бұл мақалада қазақ тілін оқыту әдістемесі және онда қолдануға болатын заманауи қосымшалар жөнінде сөз қозғалады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде заман талабына сай жаңа технологияларды қолдану оқытушылардың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Цифрлы қоғамда дүниеге келіп, сол қоғамда тәрбиеленетін білім алушы ұрпаққа өз қабылдауына сай білім беру нәтижелі болары анық. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде  заманауи қосымшаларды қолдану студенттерге қазақ тілінің сұлу да сырлы таңғажайып әлемін үйренуге көп ықпал етері сөзсіз. Мақалада білім беру әдістемесінде бүгінгі күні кеңінен қолданылып жүрген мобильді қосымшалар сипатталып, олардың қолданысына қатысты түрлі мәліметтер беріледі: олардың ерекшеліктері, функциялары айқындалып, білім берудегі тиімділігі қарастырылды. Мобильді құрылғылардағы оқыту бағдарламалары, мобильді қосымшалардағы сабақтар оқушыларды қызықтырып, оқытушыға көмекші құрал болып білім алудың және кәсіби біліктілікті жетілдірудің негізгі тәсіліне айналды. Сонымен қатар, белгілі ғалымдардың жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеулері мен пікірлеріне сілтеме жасалады. Мобильді оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері  тізбектеліп, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың түрлі аспектілері атап өтіледі. Компьютерлік ақпараттық технологиялар көмегімен орындалатын интерактивті жұмыс жүйелерінің сапалы білім беруде, танымдық қызығушылықты дамытуда алатын орны әлі зерттеліп, толыға берері анық.

Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибені жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінде қолданудың мақсаты - студенттерге мотивация беру, берген білімді тиімді әдістер көмегімен игерту. Бұл мақала жоғары оқу орны оқытушыларына практикалық мақсатта қолдануға ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи