МӘДЕНИАРАЛЫҚ КӘСІБИ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БІТІРУШІЛЕРІ ҮЛГІСІ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Михайлова Т.В. Sh.Ualikhanov University
  • Дуйсекова К.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.002

Кілт сөздер:

шет тіліндегі кәсіптік білім беру, мәдениаралық кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік, инновациялық педагогикалық технологиялар

Аннотация

Сапалы жаңа деңгейдегі, кәсіби құзыретті, ұтқыр және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен талабынан туындап отыр. Замануи білім беру парадигмасының басым бағыттарының бірі – түлектердің жоғары оқу орындарында білім берудегі негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық білім беру технологияларын оқу үдерісіне әзірлеу және енгізу.

Заманауи жоғары оқу орындары  шет тілде кәсіби білім беру мақсаттарын іске асырудың негізгі орны болып табылады, яғни ЖОО өзінің инновациялық дамуын толықтай жүзеге асыруы тиіс. Шет тілдерін оқытуда білімгерлік деп аталатын әдіске бағытталған мамандарды даярлау мұндай талаптарға сай келмейді. Жаратылыстану бағытындағы педагогикалық мамандықтар бағытындағы болашақ мамандар өзінің педагогикалық қызметінде тек негізгі пәндерді (биология, химия, физика, математика және т.б..) ағылшын тілінде жүргізуге дайындығымен қатар, түрлі мәдениаралық кәсіби бағытталған түрлі жағдайларда байланыс орната алу мен жүргізуге де құзіретті болуы керек.

Бұл мақала Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жаратылыстану бағытындағы педагогикалық мамандықтар (5B011300 «Биология», 5B011200 «Химия», 5B011000 «Физика», 5B010900 «Математика», 5B011100 «Информатика») түлектері мәдениаралық кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың заманауи педагогикалық технологияларына арналған, оны біз жас маманның мәдениаралық кәсіби бағдарлы ортада өз қызметін сәтті жүзеге асыруға дайындығы деп түсіндіреміз.

Осы зерттеу аясында біз жас маманның мәдениетаралық кәсіби бағдарланған ортада сәтті жүзеге асуға дайындығы деп түсіндіретін, зерттеудің алға қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін осы мақаланың авторлары жаңа пән мазмұнын модельдеуге, мәдениетаралық кәсіби және коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін шет тілін оқыту үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізуде. Дайындалған технологиялар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жаратылыстану-педагогикалық бағытының студенттерін оқытуда сынақтан өтті.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи