БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2020.59.4.003Кілт сөздер:
құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, құзыреттілік тәсіл, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру, болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығыАннотация
Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі бойынша жұмыстары талдауға алынады; «болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымының мазмұны кәсіби-педагогикалық білім беруге қатысты құзыреттілік тәсілдің ғылыми қағидаларына сәйкес анықталады.
Қазіргі мектеп жаңа материалды түсіндіріп, жұмысын ұйымдастыра алуға қабілеттілікпен қатар, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін сауатты басқара алатын мұғалімдерді қажет етеді. Сөз мұғалімнің жаңа рөлі - оқушының кепілдендірілген білім деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті мұғалім-менеджер туралы, яғниболжамдалып алдын-ала белгіленген нәтижеге жоспарланған уақытта және белгіленген ресурстар шығындарымен қол жеткізуі туралы. Авторлар пікірінше, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін жоғары оқу орындарында маманның кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру өзекті мәселе.