МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM-ТӘСІЛДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.010%20Кілт сөздер:
математиканы оқыту, пәнаралық байланыс, STEM тәсілі, STEM технологиялары, STEM білім беру, пәнаралық құзыреттіліктер, интеграция,, мүмкіндіктерАннотация
Мақалада авторлар мектеп оқушыларына математиканы оқытуда пәнаралық интеграцияланған STEM тәсілін қолдануды зерттеген ғылыми еңбектерге қысқаша шолу жасаған. Зерттеудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын оқытуда STEM технологиясын енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету, сонымен қатар математиканы оқыту процесінде осы технологияны қолдану мүмкіндігі мен орындылығын анықтау. Мақалада пәнаралық тәсілді қолдануға негізделген STEM оқытуды мектептің білім беру ортасының түбегейлі жаңа конструкциясы ретінде енгізудің маңыздылығы атап өтіледі, STEM технологиясын қолдану мүмкіндіктері анықталады және теориялық тұрғыдан талданады, STEM-технологиясын оқу үрдісінде қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары анықталды. STEM – білім беру оқушыларда ХХІ ғасырдың негізгі дағдыларын дамытуға ықпал етеді: коммуникация, кооперация, сыни ойлау, креативтілік. Зерттеу әдістері: STEM білім беру технологияларының өзектілігі мен дамуы туралы отандық және шетелдік әдебиеттерді зерттеу және талдау, жалпы білім беретін мектепте STEM тәсілін қолданудың педагогикалық тәжірибесін талдау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жалпылау және жүйелеу.
STEM білім беру саласындағы зерттеушілер математика сабақтарында STEM-технологияны қолдану оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, мотивациясын арттыруға және ақпараттық кеңістікте өз бетінше шарлау, өз пікірлерін білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. STEM технологиясының принциптерін қолдана отырып, есепті шешудің жолдары сипатталған.
Теориялық зерттеулер барысында жалпы білім беретін мектепте STEM-оқытуды енгізудің негізгі бағыттары белгіленді: оқушылардың инженерлік ойлауын қалыптастыру және дамыту, оқу және зерттеу іс-әрекетінің тәжірибесін алу, жаратылыстану саласындағы жаңа технологиялармен танысу және оларды нақты мәселелерді шешу үшін қолдану мүмкіндіктері, қоршаған шындықты тану құралы ретінде математиканы игеру.