БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІН МОДЕЛЬДЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.002%20Кілт сөздер:
модельдеу, процесс,, қалыптастыру,, денсаулық, денсаулықты сақтау, құзыреттілік, дайындық, мұғалімАннотация
Дәстүрлі қағидаларға негізделген білім беру жүйесі бүгінгі таңда студенттердің кәсіби дайындығы кезінде денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастырудың қажетті және жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейді. Демек жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, болашақ мұғалімнің денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаты-университеттің тұтас оқу-тәрбие процесінде зерттелетін құзіреттілікті қалыптастыру жүйесін дамыту.
Теория мен практикадағы мұғалімдердің денсаулықты сақтау құзыреттілігі ұғымын зерттеу бұл термин "құзыреттілік" ұғымымен тығыз байланысты екенін және болашақ мұғалімнің сапалы өнімді кәсіби қызметі үшін қажетті пәндер мен процестердің белгілі бір шеңберіне қатысты өзара байланысты жеке қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылатыны анық.
Мұғалімнің денсаулықты сақтау құзыреттілігі интегративті индикатор ретінде әрекет ететіндіктен және екі тұрғыдан қарастырылады: мұғалімнің денсаулығын тікелей оңтайландыруға бағытталған, яғни, жеке тұлғаға бағытталған сапа және білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған мұғалімнің кәсіби сапасы.
Зерттеу барысында авторлар болашақ мұғалімдердің денсаулықты сақтау құзыреттіліктерін қалыптастыру процесінің құрылымдық моделін сұлбасын жасап, оның ішінде мақсаттар, міндеттер, принциптер, кезеңдер, компоненттер, формалар, әдістер, құралдарын ұсынып отыр. Бүл өз кезегінде студенттердің кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік береді, олардың мотивациясына оң әсер етеді; балалар мен оқушылардың денсаулығын сақтау мәселесін тиімді шешуге; сонымен бірге болашақ мұғалімдерге салауатты өмір салтының нормалары мен құндылықтарын ескере отырып мектептің оқу-тәрбие процесінде алға қойылған міндеттерге сәйкес педагогиялық технологияларды таңдауға мүмкіндік береді.