БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖОБАЛАУҒА ДАЯРЛЫҒЫ

Автор(лар)

  • Ахметова Г.Б. Sirdarya
  • Сейдина М.З.
  • Тілеуова С.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.002

Кілт сөздер:

авторлық бағдарламаны жобалау, педагогтың авторлық бағдарламасы, кәсіби қызмет объектісіне құндылық қатынасы, мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениеті, құндылық бағдарлары, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, педагогтың сараптамалық құзыреттері, авторлық бағдарламаның өлшемшарттары

Аннотация

Мақалада болашақ мұғалімдерді жеке тұлғаны құндылыққа бағдарлау тетігі арқылы авторлық бағдарламаларды әзірлеуге дайындау мәселелері қарастырылған. Бұл мақаланың мақсаты болашақ мұғалімдерді жобалық қызмет заңдарын сақтау арқылы авторлық бағдарламаны жобалауға дайындау тетігін жасау болып табылады.  Мұғалімнің авторлық бағдарламасы - бұл ғылыми-зерттеу мәдениетінің деңгейін көрсететін жеке педагогикалық тұжырымдама. Авторлық бағдарламаның негізі педагогикалық зерттеу технологиясы болып табылады, оның барысында студенттер оқу процесіне құндылық қатынасын қалыптастырады.

Болашақ педагогтардың авторлық бағдарламаны жобалауға дайындығын қалыптастыру мәселесін қарастыра отырып, біз механизмі 4 кезеңнен тұратын профессор Г.Қ. Нұрғалиеваның тұлғасын құндылықты бағдарлау тұжырымдамасына сүйендік: іздеу-бағалау - таңдау – жобалау.

Педагогикалық мамандықтағы студенттерінің қатысуымен 80 адамнан тұратын зерттеудің құндылығы ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау болып табылады. Білім алушылар авторлық бағдарламаларды әзірлеу бойынша сараптамалық құзыреттіліктерді игеруде оң динамиканы көрсетті. Ұсынылып отырған әдістеменің бірегейлігі-студенттерді алғаш рет жеке тұжырымдаманы жобалау бойынша оқыту жүргізілгендігінде. Студенттер болашақ кәсіби қызметінде білімді мақсатты түрде қолдана алады. Біздің әдіс шеңберіндегі кәсіби қызмет объектісіне құндылық қатынасы айқын көрінеді.

Зерттеу аясында зерттеу әдістерінің жиынтығы қолданылды, атап айтқанда, онлайн-сауалнама, әңгімелесу, сұхбат, теориялық дереккөздерді талдау әдісі, жобалау әдісі, бұл әзірленген әдістеменің тиімділігі туралы сенімді және нақты мәліметтер алуға мүмкіндік берді.

Ұсынылып отырған әдістеменің құндылығы оның магистранттар үшін де, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында да кеңінен қолданылатындығында.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи