ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОО-ДА АРАЛАС (ОНЛАЙН ЖӘНЕ ОФФЛАЙН) ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.001%20Кілт сөздер:
өзіндік жұмыс, аудиториялық сабақтар, аудиториядан тыс жұмыс, педагогикалық білім, аралас оқыту форматы, оқыту әдістемесі, мектеп практикасы, техникалық құралдарАннотация
Оқу процесін аралас форматта – онлайн, оффлайн, қашықтықтан – синхронды және асинхронды ұйымдастыру жағдайында орта мектеп үшін педагог кадрларды даярлауда білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға ерекше көзқарасты талап етеді. ЖОО-дағы педагогикалық процесс оқытушымен тікелей өзара іс-қимылсыз тиімді өзіндік жұмысты қамтамасыз ету үшін қайта құрылымдалуы және бейімделуі тиіс. Мақаланың авторлары келесі аспектілерді қарастырды: студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру формалары, оқу әдебиетімен жұмыс істеудің ұтымды әдістері, студенттердің оқу іс-әрекетінде дербестігін, белсенділігі мен өзін-өзі бақылауын дамытудың дидактикалық шарттары, өздігінен білім алу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту; сондай-ақ, студенттердің өзіндік жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру тұрғысынан да қарастырыды. Мақала педагогикалық мамандықтар студенттерінің өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру және дамыту мәселелеріне арналған. Авторлар студенттердің өзіндік қызметін ұйымдастырудың және бақылаудың ең тиімді әдістері мен әдістемені негіздеп, оқытудың жаңа форматына бейімдеген. Өздік жұмыстың мазмұндылығы нақтыланды, және оның болашақ педагогтардың кәсіби қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы көрінісі нақтыланды. Авторлар педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының студенттерін оқытудағы өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарды талдау нәтижелерін ұсынды. Мақалада ZOOM, Microsoft Teams және т. б. платформалары арқылы онлайн және офлайн оқытудың ерекшеліктері қарастырылған. Техникалық құралдарды пайдалану бойынша студенттердің сауалнамасы негізінде авторлар болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Мақалада сабақтарда да, аудиториядан тыс жұмыстарда да өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістері көрсетілген.