БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ-НЕГІЗДЕЛГЕН ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.003Кілт сөздер:
цифрлық технология, цифрлық контент, құзырет, құзыреттілік, кәсіби құзырет, кәсіби дайындық, кәсіби-негізделген құзырет, шет тілдік білім беруАннотация
Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар Интернеттің дамуына және оқу үрдісін жеңілдететін көптеген компьютерлік бағдарламалардың пайда болуына байланысты сұранысқа ие. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар оқыту процесін аутенттік материалдармен қамтамасыз ету арқылы шетел тілін меңгеруді айтарлықтай өзгертті. Цифрлық технологиялардың дамуы сауатты мамандарды қажет етеді, сондықтан соңғы жылдары кәсіби құзыреттің рөлі артты. Кәсіби-негізделген құзірет маңызды болып табылады, өйткені ол мамандыққа байланысты пәндерді оқу арқылы қалыптасады. Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-негізделген құзыретің қалыптастыруға арналған цифрлық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау үшін цифрлық технологияларға қатысты ғалымдардың пікірлері мен цифрлық технологиялардың шетел тілін оқытудағы артықшылықтары берілген. Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің «кәсіби-негізделген құзыреті» ұғымын анықтау мақсатында «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының арасындағы айырмашылықтар түсіндіріледі. Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-негізделген құзіретін қалыптастыру үшін өзекті цифрлық технологиялар көрініс тауып, мысалға келтірілген. Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-негізделген құзыретін қалыптастыруға арғалған цифрлық технологияларды пайдалану тұрғысында отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары талданылады. Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-негізделген құзыретін қалыптастырудың үлкен әлеуетін білдіретін цифрлық технологиялар суреттелген.