УӘЖДЕМЕ МЕКТЕПТЕ ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ЖЕКЕ ФАКТОР РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Бижкенова А.Е. Евразийский Национальный университет им.Л.Н.Гумилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.017%20

Кілт сөздер:

көптілді білім беру, мотивация, мотив,, мектептегі шет тілі,, ғылыми бақылау, критериалды бағалау, коммуникативтік жаттығулар, ішкі мотивация,, сыртқы мотивация.

Аннотация

Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту даярлаудың барлық бағыттарына, оның ішінде шет тілдерін оқыту үдерістерін қозғайды. Ұлттық білім берудің алдына жоғары міндеттер қойылған, оларға қол жеткізу оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен бірге оқытылатын пәнге деген көзқарасты да қайта қарауды талап етеді. Бұл аспектіде уәждеме оқытылатын шет тілін меңгеру үдерістерін белсендіруге, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және білім шекарасын кеңейтуге ұмтылуға ықпал ететін негізгі фактор ретінде маңызды болып көрінеді. «Уәж» және «Уәждеме» ұғымдары психологияда да, педагогикада да бұрыннан зерттелген, бірақ оқыту әдістемесіндегі жаңа тәсілдерге және мұғалімнің рөлі мен орны туралы жаңа көзқарасқа байланысты бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Бұл ұғымдар бірқатар Қазақстандық мектептерде ағылшын тілін оқытудың нақты процесін ғылыми бақылау барысында зерттеледі.

Зерттеудің негізгі мақсаты оқу барысында оқушыларды ынталандыру болып табылады. Тапсырмаларға оқушылардың оқуға деген мінез-құлық қатынасында оқу жетістігі мен жеке бағдар үшін маңызды негіз ретінде мотивацияны теориялық түсіну, сонымен қатар оқуға деген тұрақты мотивті дамыту үшін бар кедергілерді анықтау мақсатында нақты оқу үдерісінің бірнеше мектептері негізінде эмпирикалық бақылау кіреді.

Осы қысқаша зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: уәж және уәждеме ұғымдары сипатталды және білім алушы тарапынан да, жетекші оқытушы тарапынан да оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін тұрақты уәждемені қалыптастырудың маңыздылығы тағы бір рет расталды; эмпирикалық бақылау жүргізілді және білім деңгейін бағалау үшін бақылау тестілері мен тапсырмаларды құрастырудың жекелеген тәсілдері тіркелді; критериалды бағалау барысын сыни бақылау барысында кейбір ұсынымдар шығарылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи