ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚУҒА ДЕГЕН ЖАҒЫМДЫ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.015Кілт сөздер:
шетел тілі, мотив, мотивация, оқу мотивациясы, педагогикалық шарттар, шетел тілін үйрену, инструменталды мотивация, интегративті мотивацияАннотация
Мақалада ЖОО студенттерінің шетел тілін оқуға деген жағымды мотивациясын қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Мотив және мотивация ұғымдарының ара-жігі ажыратылып, мотивацияның функцияларына сипаттама беріледі. Отандық және шетелдік ғалымдар мотивацияны адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктері бар күрделі көп деңгейлі жүйе ретінде қарастырады. Университеттік білім беру кезеңінде кәсіби ішкі мотивацияның дамуы барлық пәндерді оқуға деген ынтаға әсер етеді, сондықтан оған ерекше назар аудару керек.
Сонымен қатар шетел тілін үйренуге деген жағымды мотивацияның пайда болуының кезеңдері сараланды. Бұл кезеңдер студенттің қай кезеңде екенін анықтауға және соның негізінде оқытушыға тиімді педагогикалық құралдарды таңдауға мүмкіндік береді. Шетел тілін үйренуге қатысты мотивацияның түрлеріне, мотивация құрылымындағы оқу мотивациясының орнына, принциптеріне талдау жасай отырып, ЖОО студенттері үшін шет тілін үйренуге жағымды әсер ететін педагогикалық шарттар кешені анықталды.
Бұл шарттар интеллектуалды және эмоционалды жағдайдың жоғарылауына ықпал етеді, адамның іс-әрекетті нәтижелі орындауына мүмкіндік береді. Проблемалық мазмұны, шығармашылық сипаты және бәсекеге қабілеттілігі жағдайында тұлғаның мүмкіншіліктері қолданысқа енгізіледі. Бұл жағдайда пайда болатын эмоциялар адамды белсендіреді, белсенділік мотивациясын тудырады және арттырады.