НӨЛДІК ФОРМАНЫ ОҚЫТУДА ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.008Кілт сөздер:
нөлдік форма, нөлдік морфема, қазақ грамматикасы,, отандық ғалымдар әдістемесі, қазақ тілін оқыту, оқыту әдістемесі, заманауи әдістер, оқыту технологиясыАннотация
Қазіргі кезде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесінің жоғарылауы қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе қазақ тілін оқытуда оның спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту маңызды. Нөлдік форманы зерттеу нысаны ретінде қарастырған отандық ғалымдардың әдістемесін зерттеулердің болмауы мақаланның маңыздылығын көрсетеді. Осы ретте, қазақ тіліндегі нөлдік форманы оқытуды жеке зерттеу нысаны ретінде қарастыруымыз, зерттеудің өзектілігіне арқау болды.
Қазақ тіліндегі нөлдік форманы көптеген тілшілер мен ғалымдар қарастырғанымен, оның оқыту әдістемесін қарастырған еңбектер өте аз. Нөлдік форма деп сөйлем ішіндегі сөздердің ешқандай грамматикалық формасынсыз-ақ белгілі грамматикалық мағына білдіруін айтамыз. Қазақ тіліндегі нөлдік форманы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар қазіргі заманауи әдістерді нөлдік форманы оқытуға бейімдеуде біраз зерттеу жұмыстары талданды.
Мақаланың негізгі мәселесі – қазақ тіліндегі нөлдік форманы оқытудың ерекшеліктері мен әдістемесін қарастыруымызда. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – нөлдік форманы оқыту әдістерін жүйелеу келе, заманауи тиімді әдістерді практика жүзінде қолданылуында. Осы бағытта қазақ тілін оқытуда нөлдік форманы оқытудың тиімділігі отандық ғалымдар әдістемелеріне сүйене отырып қолданылды және нәтижелері ұсынылды.