ТІЛДІК ЕМЕС ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Автор(лар)

  • Исина Н.Т. НАО "КарТУ им. А.Сагинова"
  • Толуспаева Д.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.008

Кілт сөздер:

шетел тілі, білім беру, біліктілік, біліктілікті арттыру, кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі, кәсіби құзыреттілік, құзыреттілік моделі, кәсіби дайындық

Аннотация

Мақаланың  мақсаты: кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушысының  негізгі кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған дайындық жобасын ұсыну. Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі қарқынды дамып келе жатқан технологиялық қоғамда кәсіби мақсаттарға арналған (заңгерлік, медициналық, металлургиялық, тау-кен ісі саласы және т.б.) шетел тілін оқытатын кәсіби біліктілігі жоғары, құзыретті оқытушыларға сұраныстың күшеюімен сипатталады. Ғылыми-практикалық маңыздылығы: ұсынылып отырған дайындық жобасын кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеудің негізгі әдістері: таңдалған теориялық тұрғыдан зерттеу әдістері: талдау (ғылыми еңбектер мен әдебиеттерді зерттеу), синтез (зерттелген ақпараттар негізінде құзіреттілік моделін жобалау), салыстыру әдістері (жалпы мақсаттарға арналған шетел тілі және кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі арасындағы ерекшеліктер. Эмпирикалық әдістер ретінде келесі әдістер таңдалды: Қарағанды қаласының ЖОО-ң кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі пәнін оқып жатқан студенттері арасында онлайн-сауалнама. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушысының құзыреттілік моделін негіздеу және оларды дамытуға көзделген дайындық курсын ұсынумен айқындалады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – аталған мақала студенттерге сапалы білім беру және одан әрі кәсіби тұрғыдан даму үшін кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушысына қажетті құзіреттіліктері жайлы толығырақ теориялық түсініктеме береді. Зерттеуден алынған нәтижелер студенттердің оқу қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшін оқытушыларға қажетті негізгі құзыреттіліктерді анықтауға септігін тигізеді. Зерттеудің жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушысының шеберлігін арттыру үрдісінде ұсынылып отырған дайындық курсын қолдана алу мүмкіндігімен анықталады. Зерттеу жұмысының нәтижелері кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілі оқытушыларының кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруге өз септігін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-29

Жоба

Раздел

Статьи