БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.015Кілт сөздер:
академиялық жазу, құзыреттілік, шет тілдік жазу, ғылымиметрикалық деректер базалар, академиялық сауаттылық, ғылыми мәтін, дискурс, ғылыми коммуникацияАннотация
Бұл мақалада Қазақстандық білім беру жүйесінің салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты – академиялық жазу қарастырылған. Аталмыш тақырыптың «Академиялық жазу» мәнін ашу үшін тақырыпқа байланысты кейбір ғылыми еңбектерге қысқаша талдау жасалды; сонымен қатар осы пәнді Қазақстан Республикасы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына енгізудің маңыздылығы туралы мәселе көтерілді;және де «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» бағдарламасының бакалавриат және магистранттары арасында академиялық жазу құзыреттілігін қалыптастырудың күрделі бағыттарын айқындалды; академиялық жазуда қиындықтар туғызатын факторлар анықталып, сипатталды. Зерттеуде сауалнама ақпарат жинау құралы ретінде қолданылды және сауалнамаға 38 студент қатысты. Деректер тақырып бойынша әдебиеттерді талдау негізінде авторлар жасаған жартылай құрылымдалған сауалнамалар арқылы жиналды және академиялық жазуды үйрену барысында студенттердің проблемаларын қамтитын бірнеше таңдау сұрақтары мен ашық сұрақтар және осы проблемалардың негізін құрайтын факторлар анықталды. Респонденттердің ашық жауаптары да толық анализделіп, сараланды. Жауаптар Google Forms көмегімен талданды.
Деректерді талдау нәтижелері болашақ шет тілі мұғалімдерінің академиялық жазу құзыреттілігін қалыптастыруда жиі кездесетін қиындықтарды анықтады. Егер респонденттердің жауаптарының нәтижелерін талдау кезінде идеяларды ұйымдастыру, мәтін түрлерін анықтау, стилистикалық әдістерді, грамматикалық құрылымдарды және академиялық вокабулярды қолдану, ғылыми дереккөздерді дұрыс дәйексөз ету сияқты тақырыптар оқу процесінде елеулі проблемалар туғызбайтынын көрсетсе, онда ғылымиметрикалық дерекқорды пайдалану сияқты дағды, сондай-ақ оқытушының құзыреттілігі мәселесі және пән мазмұнының сәйкес келмеуі жас ғалымдарға ғылыми жұмыстарды жариялау кезінде қойылатын талаптар студенттерге оқу үрдісіндегідей үлкен қиындықтар туғызады, болашақта және жоғарыда аталған дағдылардың сапасы туралы мәселені ашық қалдыратындығы анық.