ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЛАШ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.012Кілт сөздер:
болашақ бастауыш сынып мұғалімі, инновациялық іс-әрекет, кәсіби іс-әрекет, инновациялық технология,, ақыл-ой картасы, жобалау, жаңашылдық, цифрлық ресурсАннотация
Педагогикалық процесте болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің өзекті зерттеу мәселесі. Себебі жаңашылдыққа деген белсенділік, кәсіби іс-әрекетті меңгеруге деген талпыныс, инновациялық технологияларды саралап, бағалай алу қабілеті инновациялық кәсіби іс-әрекеттің негізін құрайды. Осыған орай, мақала авторлары болашақ мұғалімнің кәсіби сапасы мен әдістемелік тұрғыда дайындығын арттыруда инновациялық технологиялардың рөлін қарастырады. Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін зерделеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталады. Зерттеудің негізгі мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін қалыптастыруда Mindmapping технологиясы (ассоциограмма), Project based learning (жобаға негізделген оқыту) және тағы сол секілді технологиялардың маңыздылығын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін оқу процесінде цифрлық платформаларды қолдана отырып ақыл-ой карталарын әзірлеу, жобалау әрекеттерін қалыптастыру және білімге негізделген жобалау технологиясының сәтті болуына әсер ететін үш әрекетті (көрме ұйымдастыру, бірнеше жоба даярлау, сын пікір білдіру) практикалық жұмыстар барысында ұйымдастыру мәселесі талданады. Сондай-ақ, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың маңыздылығын анықтауға арналған эксперименттің қалыптастырушы кезеңдерінің бірі беріледі. Экспериментке І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В130100 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының 56 білім алушылары қатысып, зерттеу нәтижелеріне талдау ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде инновациялық технологиялар болашақ бастауыш сынып мүғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін қалыптастыруда маңызды рөль атқаратыны анықталады.