ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.60.1.013Кілт сөздер:
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі, халықтық идея, халықтық принцип, Алтынсарин мектептері, рухани-адамгершілік тәрбиесі, халық шығармашылығы, ағартушылық іс-әрекет, ағартушылық идеяАннотация
Мақалада Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесіндегі халықтық идея жайлы сөз болады. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнына енгізілген халықтың ауызекі шығармашылығының / ертегілер, әңгімелер, эпостық жырлар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер және т.б.), тәрбиелік мүмкіндіктері ашып көрсетіледі, сонымен бірге, «Шариатыл ислам» («Мұсылманшылдықтың тұтқасы») оқулығының балалар мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, маңызы және мүмкіндіктері мазмұндалады.