МЕКТЕПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.60.1.014Кілт сөздер:
біліктілік, ақпараттық біліктілік, ақпараттық біліктілікті қалыптастыру, мектептік білім беруді цифрландыру, білімдік-ақпараттық ортаАннотация
Білім беру жүйесінің жаңаруына, ақпараттық технологиялардың кеңінен дамуына және олардың барлық әлеуметтік салаларға енуіне байланысты білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеруде, сонымен қатар жоғары, орта кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне қойылатын талаптар қайта қарастырылуда.
Мақалада жоғары сынып оқушыларының ақпараттық біліктілігінің мәні айқындалады, жоғары сынып оқушыларының ақпараттық біліктілігін қалыптастыру бойынша іс-әрекетінің құрылымы ашып көрсетіледі, мектептік білім беруді цифрландыру жағдайында жоғары сынып оқушыларының ақпараттық біліктілігін қалыптастыру үшін жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізу қажет деген тұжырым жасалады.
Автордың пікірінше, келесі дидактикалық шарттар анықталып, қамтамасыз етілген жағдайда, бұл процесті жүзеге асыру тиімді болады, яғни: білімдік-ақпараттық орта құру және оған студенттерді тарту; ақпаратпен әр түрлі жұмыс істеуді қажет ететін оқыту формалары мен әдістерін қарқынды қолдану; оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға бағытталған арнайы курс ұйымдастыру.