БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ-СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.60.1.015Кілт сөздер:
бастауыш сынып оқушылары, коммуникативті - сөйлеу қабілеті, мұғалім, дағдылар, коммуникативті-сөйлеу іс – әрекеті, қарым-қатынас, дамыту, қоршаған орта (қоғам)Аннотация
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуниктивті-сөйлеу қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын дамыту өте өзекті мәселе екені, өйткені бұл дағдылардың қалыптасу дәрежесі балаларды оқытудың тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтенуі мен тұтастай тұлғаның дамуына да әсер ететіні айтылады. Оқушылардың коммуникативті-сөйлеу қабілетін дамыту оқыту барысында әр сабаққа жоспарлануы керек дәйекті жұмыс екені, сонымен қатар мұғалімнен белгілі бір психологиялық білімді талап ететіні негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті-сөйлеу қабілетін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім оқушылардың сөйлеу дамуының психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеруі керек екені анықталады.