БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ SCRATCH ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА КУРСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.017Кілт сөздер:
ақпараттық білім беру ортасы, бастауыш мектеп, Smart- білім беру, бейнероликтер, оқу-әдістемелік құралдар, Scratch, робототехника, компонентАннотация
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға негізделген әртүрлі ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың енгізілуіне байланысты ақпараттық білім беру ортасы білім берудің жаңа жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуда.
Бұл жағдайда мектептің ақпараттық білім беру ортасы жаңа деңгейдегі педагогикалық жүйе ретінде және технологиялық құралдардың жиынтығын қамту қажеттілігі түсіндіріледі.
Дәл қазіргі таңда ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру саласында ғылыми зерттеулер жүргізі өте маңызды, оны педагогикалық мақсаттарға кепілді қол жеткізуге әкелетін ақпараттық білім беру ортасын құрмай жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі уақытта біз бастауыш сынып оқушылары үшін ақпараттық білім беру ортасын әзірлеумен және енгізумен, атап айтқанда мәтіндік контенттерді, дамушы анимациялық бейнероликтерді, “Scratch” және “Робототехника” курстары бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеумен айналысамыз.
Құрылған ақпараттық білім беру ортасы бастауыш сыныптарда “Ақпараттық сауаттылық” пәнін оқу кезінде, электрондық ресурстар-факультативтік сабақтар өткізу кезінде, әдістемелік әзірлемелер-мектепте бағдарламалау тілін оқыту кезінде, балаларды дамыту үшін қолданылатын болады.
Ақпараттық білім беру ортасы білім алушы тұлғасының дамуының әртүрлі кезеңдерінде оқуға мотивация береді. Оқушыларға белсенді іздеуді және ақпаратпен жұмыс жасауды дербес жүзеге асыруға көмектесіп, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде оқуға мотивация береді.