БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВЕБ-КВЕСТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Қалиева К.М. КазУМОиМЯ имени Абылай хана
  • Утебаева Б.Т.
  • Жалғасова Ш.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.005

Кілт сөздер:

білім беру процесі, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дидактикалық құрал, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық ресурстар, интерактивті іс-әрекет, веб-квест технологиясы, веб-сайт.

Аннотация

Қазіргі білім беруді ақпараттандыру дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен олардың болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпалы ерекше өзектілікке ие.

Жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес болашақ маман оқыту процесінде ақпараттық-білім беру ортасын құра білуі және заманауи технологиялардың (атап айтқанда, веб-квест технологиясының) артықшылықтарын шебер пайдалана білуі керек.

Қазіргі уақытта веб-квест технологиялары білім беру тәжірибесінде қолданылып келетініне қарамастан, олардың мәні теориялық тұрғыдан толық ашылмай, жүйесіз және бірізділік сақталмай енгізілуде.  Осыған байланысты білім беру саласында веб-квесттерді қолданудың дидактикалық әлеуетін анықтау мәселесінің өзектілігі туралы атап өткен жөн.

Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы веб-квест технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылған. Веб-квест технологиясын ақпарат көзі ретінде пайдалану оқу процесін жан-жақты және тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді, болашақ мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға  және ақпараттық мәдениетін дамытуға жағымды әсер етеді.

Мақалада веб-квест технологиясының ерекшеліктері жөнінде ашып баяндалады, веб-квесттердің  құрылымы және олармен жұмыс істеу формалары сипатталады. Олардың басқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арасындағы өзіндік орны ашып көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-29

Жоба

Раздел

Статьи