АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Автор(лар)

  • Оразбекова И.Г. КазНУ им. Аль-Фараби
  • Исмаилова О.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.015

Кілт сөздер:

Whatsapp, онлайн оқыту, грамматикалық дағдылар, дәстүрлі сынып, тіл үйрену, мобильді қосымшалар, электрондық оқыту, цифрлық орта

Аннотация

Қазіргі кезеңде білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру педагогикалық теория мен оқу-тәрбие процесінің тәжірибесінде елеулі өзгерістермен ұштасып жатыр. Мобильді технологиялардың жетілдірілуі мен қолжетімділігі оқу процесін өнімді және тиімді етеді. Зерттеудің мақсаты – WhatsApp мессенджер қосымшасының көмегімен грамматикалық дағдылардың даму серпінін зерттеу. Біздің зерттеуімізде грамматикалық білімді қалыптастыру үшін WhatsApp пайдаланылды. Сонымен қатар, барлық хабарламалар топтық чаттарда қолжетімді болғандықтан, оқушыларға бір-бірінің қателерін талдауға мүмкіндік берілді. WhatsApp мессенджері арқылы жіберілген грамматикалық жаттығуларды 24 оқушы орындады. Оқушылардың шет тілін меңгеру деңгейі әртүрлі, сондықтан ағылшын тілі грамматикасы бойынша білімдерін талдау үшін екі топ таңдалды. Бірінші топтың pre-intermediate деңгейі төмен болса, ал екінші топ ағылшын тілі грамматикасын A2 деңгейінде меңгерудің жоғары деңгейімен сипатталады. Грамматикалық деңгейі төмен топта 11 оқушы, ал деңгейі жоғары топта 13 оқушы бар. Орташа шамамен грамматиканың тілдік дағдысының даму серпіні стандартты ауытқу формуласы бойынша есептелді. Мұғалім грамматикалық материалды түсіндіріп, тапсырмалары бойынша бірден кері байланыс алған оқушыларға грамматикалық тапсырмаларды жіберді. Грамматикалық қателерді талдау тыңдаушылардың етістіктен кейін инфинитив пен герундты, сонымен қатар шақ пен бағыныңқы шарт сөйлемдерін қолдану дағдыларын меңгергенін көрсетті. Алынған нәтижелер екі топ оқушыларының тілдік үлгерімінің дамуындағы оң динамикасын көрсетеді. Зерттеу әдістемесі ай сайынғы аралықпен үш грамматикалық тапсырманың сандық есебін ұсынады. Қолданбаны пайдалану әдісі онлайн оқытуға да, дәстүрлі формаға да қолайлы. Келешекте оқытуды мүмкіндігінше нәтижелі етуде - сөйлеу, оқу және  тыңдауды үйрету үшін WhatsApp қолданбасын пайдалану.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи