БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Бейсембаева А.А. КазУМОиМЯ имени Абылай хана
  • Өтемұратова Б.С.
  • Ахметжанова Д.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.009

Кілт сөздер:

білім беру, тәрбие, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, болашақ мұғалімдердің даярлығы, оқыту әдістері, педагогикалық әрекет, қашықтықтан оқыту формалары, электрондық оқу құралдары

Аннотация

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғасырының талаптарына сай жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге болашақ мұғалімдер даярлау үдерісі ерекше көзқарасты талап етеді. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау ісі оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін жаңаша құрылуы керек. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру жан-жақты кәсіби дамыған, сауатты мамандарды қажет етеді. Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастыруға арналған ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері мен зерттеулеріне талдау жасала отырып, еліміздегі білім беру жүйесін ақпараттандыру кезеңдері, оқытудың жаңа әдістері мен формалары қарастырылады. Болашақ мұғалімдерге өздерінің кәсіби қызметінде ақпарат құралдарының түрлерін кеңінен пайдалануға бағыт беріледі. Мұнда педагогикалық қызметтің белсенділігін арттырудың таптырмас құралының бірі – компьютерді қолдана отырып оқытуда электронды оқу басылымдарын (мультимедиалық, электронды оқулықтар, дидактикалық құралдар) пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Мынадай аспектілері қарастырылады: студенттердің сабаққа дайындалу барысында өз бетінше электронды құралдармен жұмыс жасауларын ұйымдастыру формалары, электрондық оқу құралдарымен жұмыс істеудің ұтымды әдістері, студенттердің электронды оқулықпен жұмыс істеу іс-әрекетінде дербестігін, белсенділігін, өз білімін тексеріп, бақылауын дамытудың жолдары, өздігінен білім алу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту. Сонымен бірге қашықтықтан оқытудың онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған түрі вебинар және теледидар арқылы сабақ өткізу формаларына тоқталады. Қашықтықтан оқытудың ZOOM бағдарламасы арқылы білім алушылармен онлайн сабақтар және оны ұйымдастырудың жолдары айтылады. Ақпарат құралдарын пайдалану арқылы оқытудың оқушылардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілеттерін дамытатыны нақтыланған.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-29

Жоба

Раздел

Статьи