ФИЗИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.005Кілт сөздер:
электрондық-білім беру ресурстары, білім беруді цифрландыру,, ақпараттық технологиялар, білім беру сапасы, орта білім беру, физиканы оқыту,, ақпараттық-компьютерлік құзыреттілік, медиақұзыреттілік, оқытудың ақпараттық құралдарыАннотация
Қазіргі уақытта әртүрлі қызмет салаларын, оның ішінде білім беруді цифрландыру аясында білім беру үдерісіне ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізу жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану оқыту үдерісін жаңғыртуға ықпал етеді, білім алушылардың оқу қызметін жақсартады, мұғалімдердің әлеуетін дамытуға ықпал етеді, онлайн оқыту нысандарын қолдануды қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік ғалымдар өз еңбектерінде оқу үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдануды тиімді оқытуды ұйымдастырудың өзекті әдістерінің бірі ретінде қарастырады. Алайда, білім беруді цифрландыру саласындағы жинақталған мол тәжірибеге қарамастан, көптеген мұғалімдер электрондық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.
Осы зерттеуді жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасы Жетісу облысының орта білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметті жүзеге асыратын физика мұғалімдерінің физиканы оқытуда электрондық білім беру ресурстарын қолдану қажеттілігіне деген көзқарасын анықтау болды.
Зерттеуге 130 физика мұғалімі қатысты. Зерттеуде сауалнама алу әдісі қолданылды. Деректерді жинау құралы ретінде сауалнама пайдаланылды. Жиналған деректерді талдау кезінде жауаптар жиілігін және пайыздарды есептеу жүргізілді.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің көпшілігі физика сабақтарында дәстүрлі оқыту құралдарымен қатар электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға оң қарайтындығы анықталды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесінде физика мұғалімдерін тиісті даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарының әкімшілігі тарапынан қолдауды қамтамасыз ету және мұғалімдердің ЭОР-ды әзірлеуіне және күнделікті қызметте пайдалануына көмектесу қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар, білім алушылардың ақпараттық-компьютерлік және медиақұзыреттілігін арттыру үшін негізгі білім берудің құрамдас бөлігі ретінде медиамәдениетті оқыту мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі анықталды.