БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.016Кілт сөздер:
ақпарат, технология, бастауыш сынып, қазақ тілі, сөйлеу, ауызша дұрыс сөйлеу, шеберлік, қалыптастыруАннотация
Мақалада авторлар бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың қазақ тілінде ауызша сөйлеу шеберлігін қалыптастырудың өзекті мәселесі ретінде қарастырады. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу шеберлігін қалыптастыру бойынша әдебиеттер талданып, қорытындыланады. Зерттеудің негізгі мазмұны ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыру амалдарын анықтаудан тұрады.
Зерттеу барысында ақпараттық технологияларды бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыру зерделенді, академиялық мәліметтер базасындағы мақалаларға негізделген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды. Осы зерттеу нәтижесінде оқушылардың көпшілігінде сөйлеу шеберлігін қалыптастыру дағдылары жоқ екені анықталды. Оқушылардың ауызша сөйлеу шеберлігін дамыту мен қалыптастыру үшін қазақ тілінен стандартты емес тапсырмалар түріндегі қосымша материалдар енгізу қажет, бұл оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушыларды ынталандыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.
Әзірленген әдістемеге сәйкес ақпараттық технологияларды бастауыш сыныпта оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыру мынадай компоненттен тұрады: мотивациялық, мазмұнды және рефлексивті. Осы компоненттердің негізінде ақпараттық технологияларды бастауыш сыныпта оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға қажетті әдіс-тәсілдер анықталды. Зерттеу барысында тексеру мен анықтау және бақылау экспериментінің нәтижелері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей ақпараттық технологияларды бастауыш сыныпта оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыру мәселесін жан-жақты зерттеу қажет, себебі зерттеу барысында анықталғандай оқушылардың басым көпшілігінің сөйлеу шеберлігінің төмен екені белгілі болады.
Авторлар бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу шеберлігін қалыптастыру үшін мұғалімдерге практикалық ұсыныстар береді.