ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ НЕМІС ТІЛІ: ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • К.Н. Булатбаева ЕНУ им Л.Н. Гумилева
  • М.Г. Смагулова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.019

Кілт сөздер:

иностранные языки, полиязычие, система среднего образования, анализ учебника немецкого языка, коммуникативная компетенция, речевые упражнения, игровые технологии, развитие коммуникативного навыка, учебные диалоги

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан мектептерінің тіл саясатына және неміс тілінің Қазақстандағы мектеп пәні ретінде дамуына талдау жасалады. Авторлар Республиканың мектептегі білім беру жүйесінде неміс тілін дамыту қажеттілігін негіздейді. Неміс тілінің көптілді тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығы атап өтіледі. Қазақстанның жасөспірімдері мен жастары арасында неміс тілін үйренуге үлкен қызығушылықтың болуы бүгінде еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарына неміс тілін кеңінен енгізуді талап етеді. Оқу пәндері бойынша жаңа типтік білім беру бағдарламасы оқу орындарына шет тілін таңдау құқығын береді. Бүгінгі таңда неміс тілінің мәртебесін Қазақстанда екінші болып сақтау қажет.  Біздің елімізде неміс тілін қалпына келтіру әлеуеті әлі де сақталуда. Бұл бағыттағы жұмыс барлық жерде болуы керек. Оған тек оқу орындары ғана емес, барлық мүдделі тұлғалар да қатысуы тиіс. Неміс тілінің мамандары мен еліміздің лингводидактілері неміс тілі бойынша оқу кешендерін әзірледі. Авторлар «Klett» неміс баспасының қолдауымен Қазақстан Республикасында жарияланған жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныбына арналған Неміс тілі бойынша оқу кешенін талдау мысалында мектеп оқуының бастапқы кезеңінде «Неміс тілі» пәнінің мазмұнына толықтырулар енгізуді ұсынды.  Бұл оқу кешені 2021 жылы жарық көрді және ҚР оқулықтарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді. Мақалада сонымен қатар оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға арналған коммуникативті жаттығулардың үлгілері келтірілген.

Автор биографиясы

К.Н. Булатбаева, ЕНУ им Л.Н. Гумилева

Докторант кафедры иностранной филологии ЕНУ им Л.Н. Гумилева

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи