ОНЛАЙН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН КОГНИТИВТІ БҰРМАЛУЛАР

Автор(лар)

  • Джусубалиева Д.М. КазУМОиМЯ имени Абылай хана
  • Шарипов Б.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.005

Кілт сөздер:

онлайн оқыту, когнитивті бұрмалаулар, MOOCs, онлайн оқыту әдістері, Интернет, цифрлық технологиялар, цифрлық білім беру мазмұны, электрондық ресурс

Аннотация

Заманауи білім беруде онлайн оқытуды жақтаушылар көп, бірақ біз күнделікті іс-әрекетімізде кездесетін когнитивті бұрмаланулардан туындайтын және қашықтан оқытудың осы түрі туралы теріске шығаруға және алдын ала түсініктерге әкелетін мәселелерге жиі тап боламыз.

Мақалада онлайн оқытумен айналысатын адамдарда кездесетін когнитивті бұрмаланулардың негізгі түрлерінің талдауы берілген. Оларды жою жолдары қарастырылып, онлайн қашықтықтан оқытудың максималды пайдасы үшін психикалық жадыны жаттықтыру, дәрістің негізгі тұстарын жазып алу және сол арқылы ақпаратты есте сақтау үрдісін жетілдіру қажет екендігі көрсетілген.

Зерттеулер көрсеткендей, мұны жүйелі түрде орындаған студенттер технологияны қолданбағандармен салыстырғанда викториналарда жақсы нәтиже көрсетті. Дәстүрлі оқытуда қолданылатын оқыту әдістерін қолдану желілік оқытуда қажетті нәтиже бермей отырғаны көрсетілген. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген адамдар ағымдағы, қалыптасқан жағдайды өзгертуден қорқады, олар шешуші әрекеттен қорқады, өйткені қазіргі жағдай оларға белгісізге қарағанда көбірек сәйкес келеді, бұл өзгерістерге әкеледі. Бұл көптеген мұғалімдердің қашықтан оқытуға көшуіне, сондай-ақ оқу процесіне АКТ-ны кеңінен енгізуге күмәндануын түсіндіреді.

Осы когнитивті бұрмалауларды білу тек жеңуге ғана емес, сонымен қатар онлайн қашықтықтан оқытудың тиімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи