СТУДЕНТТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕДИКТОРЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.011Кілт сөздер:
предикат, пессимист, болжау, логика, постулат, белгі, сана, психология, ұғым, қатынас, іс-әрекет, анықтамаАннотация
Бұл мақалада студенттердің ағылшын тілін оқу барысында тілді тез меңгеріп, психологиялық кедергілерді өзіндік ұстаным көзқарасымен, интуициясымен шешу бағдарларының жаңа педагогикалық амалдарын ұсыну көзделген. Көрнекті әдебиеттанушы Н.Келімбетовтің ар-ұжданмен бетпе-бет тақырыбында жазған философиялық ой-тұжырымдарын адамның мінез-құлқындағы күншілдіктің тигізетін кесірін он үш диалогтың постулаттарында қарастырғандығын негізге алынған. Н.Келімбетовтің еңбегіндегі күншілдіктен туындайтын психологиялық бағыттардың жан-жақтылығына назар аудара отырып, ондағы күншілдік мәселесін ағылшын жазушылары мен қазақ ойшылдарының даналық сөздеріндегі рухани байланысқа қатысты қарастырдық. Ондағы өлімнен бетер қатерді туындататын қызғаныш, тәкаппарлық, ашу және ашуланшақтық, жалқаулық, ашкөздік, нәпсіқұмарлық сынды күнәләрдің зардабын әшкерелеп қана қоймай, осындай келеңсіздіктерден сақтандыру үшін педагогикалық білім мен тәрбие үрдісінде қолдануды ұсындық. Өйткені, теріс предикаторлар адамдардың психологиялық деңгейін төмендетіп, қоғамдағы әртүрлі аспектілерге негативті көзқарасты таратуға ықпал етеді. Пессимист адамдардың психологиялық деңгейінде теріс предикаторлардың ең келеңсіз түрі күншілдік басым болатынын және оны жеңудің жолдарын іздеуде педагогикалық бағдарды барлық замандардағы философия, әдебиет жауһарларына назар аудару күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан, мақалада тіл үйрену және студенттің өзін-өзі дамыту кезегінде тілдің шұрайлы философиялық даму барысындағы ізденіс көздеріне тірек болатын педагогикалық ұстанымдардың логикалық постулаттарына назар аудартылды.