БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.012Кілт сөздер:
кәсіпкерлік, құзыреттілік, кәсіпкерлік құзыреттілік, кәсіпкерлік білім, білім саласындағы кәсіпкерлік, бастауыш сынып педагогтары, кәсіпкер, педагог-кәсіпкерАннотация
Бұл ғылыми мақала болашақ педагогтардың кәсіпкерлік құзыреттілігін дамытуға арналған. Авторлар білім беру саласында бизнес пен кәсіпкерлік негіздерін оқытудың өзектілігі мен маңыздылығын айқындайды. Болашақ педагог-кәсіпкерлерге жеке білім беру мекемесін және оның қаржысын басқару, қызметкерлердің жұмысын қалай ұйымдастыру мен ынталандыру туралы қосымша білім алу үшін қажет, онсыз қазіргі заманғы бизнес жұмыс істемейді және табыс әкелмейтіндігі жайлы сөз қозғалады. Мақалада экономикалық білімге, кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылықтың артып келе жатқаны сипатталынды. Қазақстан Республикасының заманауи даму жағдайында кәсіпкерлікпен шұғылдану беделді болып саналатындығы мақаланың өзектілігін көрсетеді. Мемлекеттің табысты өркендеуі үшін экономикаға түрлі салалардың әсері сипатталынып, кәсіпкерлік құзыреттіліктің сол салалардағы орны мен әсері сипатталынып жазылды.
Біртұтас педагогикалық процесті ғана емес, білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметті де ұйымдастыра алатын болашақ педагогтарды даярлаудың маңыздылығы атап өтіледі. Кәсіпкерлік құзыреттілігін арттыру мақсатындағы бұл зерттеуде болашақ педагогтарының пікірлері ескерілді. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтар «кәсіпкерлік» ұғымын жаңашылдықпен, тәуекелге барумен, өзіне деген сенімділікпен және эмоционалдық интеллектпен байланыстыратыны анықталынып, «кәсіпкерлік құзыреттіліктің тұтастай жиыны» ұсынылды.