БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - ҚАЗІРГІ ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАБЫСТЫ КІЛТІ

Автор(лар)

  • Исмаилова Г.К. НАО Университет имени Шакарима города Семей
  • Токсамбаева А.О.
  • Григорьева Г.Б.
  • Хасенова К.Е.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.021

Кілт сөздер:

функционалдық сауаттылық, коммуникативтік сауаттылық, бәсекеге қабілетті тұлға, көпмәдениетті тұлға, көптілді білім, кәсіби құзыреттілік, оқыту, пәндік құзыреттілік

Аннотация

Мақалада қазіргі заманғы жағдайда жеке тұлғаның негізгі жан-жақты дамуы ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Мақаланың мақсаты – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бүгінгі таңда педагогикалық университеттің негізгі міндеті екенін дәлелдеу. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты филологиялық саладағы зерттеулер болып табылады. Ғылыми зерттеудің негізгі идеясы – классикалық педагогикалық және инновациялық мультимедиялық технологияларды сауатты үйлестіре отырып, сабақтарда, дәрістер мен семинарларда жүйелі және күнделікті жұмыс арқылы ғана қажетті нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы қазіргі кезеңде кәсіби білім мен шығармашылықты үйлестіруге мүмкіндік беретін мамандарды сапалы даярлау қажеттілігі туындағандығында.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында келесі әдістер қолданылды: ақпарат жинау, осы мәселе бойынша әдебиеттерді зерттеу, алынған мәліметтерді математикалық өңдеу және талдау, сауалнама.

Теориялық идеяларды тәжірибелік сынақтан өткізудің нәтижесі 2022 жылғы 21-22 желтоқсанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті КЕАҚ шет тілдер кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Г.К.Исмаилованың жетекшілігімен Абай облысы Бесқарағай ауданының Борас орта мектеп-бақшасы КММ-де 21 мектептен 76 оқытушының қатысуымен өткен Тілдік пәндер циклі бойынша өткізілетін сабақтарда орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру атты ғылыми-әдістемелік семинарда көрсетілді.

Мақаланың соңында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бүгінгі күні педагогикалық ЖОО-ның негізгі міндеті болып табылатындығын растайтын қорытынды жасалды, өйткені болашақ мұғалімде пәндік құзыреттіліктерден басқа, білім алушылардың болашақта функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға және дамытуға қабілетті болуы үшін функционалдық сауаттылық саласындағы құзыреттер қалыптастырылуы керек.

Жүргізілген зерттеудің құндылығы жоғарыда аталған семинардың ҚР ҒжЖБМ-нің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясындағы AP14871008 Көптілді және көпмәдениетті отандық білім беру жүйесінде білім берушілер мен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жобасы шеңберінде (жоба жетекшісі – Г.К.Исмаилова) өткізілгендігімен айқындалады.

Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы мынада: бұл мақала тілтану пәндері мен әдебиет мұғалімдеріне, сондай-ақ филологиялық пәндер оқытушыларына арналған және педагогикалық және филологиялық бағыттағы докторанттарға, магистранттарға және білім алушыларға пайдалы болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи