ШЕТ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫН УЙРЕТУДЕГІ PEARDECK ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Автор(лар)

  • Атабаева Ф.К. Университет Туран
  • Рябченко И.Н.
  • Засорина Ю.А.
  • Сергеева Л.Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.018

Кілт сөздер:

PearDeck форматы, шет тілін оқыту, сөздік оқыту, интернет, инновациялық технология, әдістеме, мобильді қосымшалар, мәдениетаралық коммуникация, қашықтықтан оқыту

Аннотация

Мақала ақпараттық коммуникативтік технологиялардың бірі PearDeck форматына арналған. Біз мақалада PearDeck технологиясы арқылы шет тілі лексикасын оқыту әдістерінің бір түрін қарастырамыз. Шет тілін меңгерушілердің сөздік қорын байытуды жеңілдететін әдістердің бірі – интерактивті технологиялар, әртүрлі оқыту платформалары, соның ішінде PearDeck технологиясы. Біздің мақаламыздың мақсаты – шет тілін оқытудағы сөздік қорды меңгерудің жаңа әдісі – PearDeck форматын қолданудың тиімді әдістемесін енгізу. Студенттер шет тілін оқытуда PearDeck форматын қолдану үлгісін қолдана отырып, сөздік қорды тез байыта алады. Осылай, PearDeck форматын пайдалану кезінде студенттердің сөздік қоры мен шет тілін меңгеру  дәрежесін тез дамиды, сол арқылы шеттілдік білім берудегі мәдениетаралық қарым-қатынасты жеткілікті деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Мақалада шет тілінің сөздік қорын меңгеру кезінде PearDeck форматын пайдалана отырып, суденттердің білімге деген қызығушылығын арттыратын тиімді инновациялық оқыту әдістері ұсынылған. Мақаланың теориялық маңыздылығы – шет тілінің сөздік қорын зерделеуде PearDeck форматын қолдану негіздері, қазақстандық шеттілдік білім беру жағдайында дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерінің мүмкіндіктері мен оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялардың ерекшеліктерін атап көрсету. Зерттеудің нақты нәтижелері ретінде студенттердің білімді меңгерудегі белсенділігі мен оқытушының сабақта қолданатын оқыту әдістерінің өзара байланысы атап көрсетіліп, олардың шеттілдік білім берудің сөздік қорын одан әрі жетілдіруде маңыздылығы айқындап көрсетеді. Мақаланың практикалық маңыздылығы қазіргі заманғы білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында сөздік қорын дамытуда шеттілдік білім беруде PearDeck форматын енгізудің әзірленген формаларын шет тіліндегі білім берудің барлық деңгейлерінде қолдануға болатындығында

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи