«ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕ МӘДЕНИЕТІ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АРҚАУЫ»

Автор(лар)

  • Бахтиярова Г.Р.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.61.2.016

Кілт сөздер:

халықтық педагогика, этнопедагогика, дәстүрлі педагогикалық мәдениет, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті, ойшылдар идеялары, Ыбырай Алтынсарин

Аннотация

Мақалада ұлт ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арқау болған қазақ халқының  тарихи қалыптасқан дәстүрлі тәрбие мәдениеті және оның халықтық тәрбие принципін ұстанған педагогикалық идеялары туралы сөз етіледі. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Ұлы  даланың оқу-ағарту ісін дамытудағы есімі мен еңбегі танымал тұлға Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық озық идеяларынан көрініс тапқан дәстүрлі тәрбие мазмұны, қағидалары мен құралдарының бүгінгі педагогикамен сабақтастығының тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық ғылыми мәні мен практикалық маңызы айтылады. Қазақ даласының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайталанбас бренді ретіндегі ұлт ұстазы Ыбырайдың мектеп ісі мен оқулық жазу мәдениетін қалыптастырып, дамытудағы және қазақ мектептерінің білім мазмұнын жетілдірудегі рөлі, айрықша қосқан үлесі жан-жақты талданып, тұжырымдалады. Ақтөбеде 1895 жылы ашылған орыс-қазақ әйелдер учелищесі мен Ырғыз жерінде тұңғыш рет қазақ қыздары үшін мектеп-интернатын ашудағы  Ы.Алтынсарин еңбегі мен оның ұлтжанды болмысы туралы баяндалады. Сонымен қатар бүгінгі Ұлттық руханият кеңістігіндегі белгілі қоғам қайраткері, этнограф ғалым, ана тіліміздің жанашыры, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының баға жетпес маңызы мен мәні қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көрінісі ретінде сөз етіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-07-03

Жоба

Раздел

Статьи