ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ МӘНІ

Автор(лар)

  • Сламбекова Т.С.
  • Жүсіпбек Д.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.61.2.018

Кілт сөздер:

қашықтан оқыту, қашықтан оқыту технологиясы, дағды, ақпараттық дағды, ақпараттық дағдыны дамыту

Аннотация

Бұл мақалада қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жеткіншектердің ақпараттық дағдысын дамытудың мәні ашып көрсетіледі. Қашықтықтан білім беру жүйесі білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған оқыту үдерісін ақпараттық ресурстық, аппараттық-бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандырудың бірізділікпен ұйымдастырылған жиынтығын және білім алушылар мен педагогтердің қашықтан өзара әрекеттесуін білдіреді. Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушылар мен педагогтердің жанама өзара әрекеттесуі кезінде ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалануы деп түсіндіріледі. Қазіргі уақытта ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық қоғам жағдайында заманауи оқушы тұлғасының жан-жақты дамуында маңызды болып табылады. Жеткіншектер ақпараттық мәдениетке ие болуы, сонымен қатар дағдылардың қалыптасуына алып келетін ақпараттық іскерліктердің негізгі түрлерін меңгеруі тиіс. Жеткіншектердің ақпаратпен жұмыс істей білу қабілетін жоспарланған танымдық оқу әрекеті ретінде қарастыруға болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы компьютерде ақпаратты түрлі мультимедиа технологиясы, ақпаратты графикалық ұсыну, бейне және аудиоматериалдарды пайдалану арқылы визуализациялауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-07-03

Жоба

Раздел

Статьи