ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Автор(лар)

  • Ербулатова И.К. ЗКАТУ им. Жангир хана
  • Кублашева Ж. С.
  • Даулетова А. Б.
  • Ахметова Г.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.005

Кілт сөздер:

жеке парадигма, құзыреттілік тәсіл, оқытудың белсенді әдістері, рөлдік ойындар, жоғары білім, интегративті тенденциялар, тәжірибе, қолдану

Аннотация

Мақала XXI ғасыр мамандарын даярлау үшін тілдік емес университетте кәсіби бағытталған орыс тілін үйренудің маңызды аспектілерінің бірі ретінде сөйлеуді оқыту үрдісінде рөлдік ойындарды қолдану мәселелеріне арналған. Отандық жоғары кәсіптік білім берудің даму басымдылығы оның жеке парадигма мен құзыреттілік тәсілге қайта бағытталуымен сипатталады. Университеттегі білім беру жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы түлектерге практикалық қызметке барынша жақын білімді өз бетімен алуға мүмкіндік беретін базалық құзыреттіліктерді қалыптастыратын оқытудың интерактивті әдістерін енгізуді көздейді. Жоғарыда айтылғанға байланысты заманауи педагогикалық тәжірибеде оқытудың белсенді және интерактивті әдістері мен формалары қолданылады, олар аудиторлық сабақтардың кем дегенде 5% құрауы керек.

Интерактивті режимде өткізілген оқыту курсы барлық білім алушыларды жұмысқа қосуға, әркімнің модельденген мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Зерттеліп жатқан әдістер тұлғаға бағытталған оқыту тәсілінде тиімді қолданылады, өйткені олар ұжымдық және ынтымақтастықта оқытуды көздейді. Бұндай бірлескен оқытуда  білім алушы да, мұғалім де оқу үрдісінің басты субъектілері болып табылады.

Осылайша, осы зерттеу, тілді үйрету жүйесінде өті нәтижелі болып келетін, проблемалық бағыттағы рөлдік және іскерлік ойындарды техникалық жоғары орындары студенттерін орыс тіліне оқытуда қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі ойынға қатысушылар арасындағы әлеуметтік маңызды қатынастарды модельдеуде, білімді, шығармашылықты қолдана білуде, өз ойларын орыс тілінде жеткізе білуде көрінеді. Сонымен бірге білім алушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи