PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАЛАПТАРЫН ЕСКЕРУМЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ МОНИТОРИНГІСІ: ҚҰРЫЛЫМЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ, НӘТИЖЕЛЕРІ

Автор(лар)

  • А.Д. Майматаева kazNPU named after Abai
  • Ж.М. Битибаева
  • Ж.С. Мукатаева
  • Н.Г. Галымова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.022

Кілт сөздер:

PISA, мониторинг, технологиялық карталар, зерттеулер, контекст,, құзыреттер, жаратылыстану білімі, ғылым туралы білім категориялары

Аннотация

Мақалада Қазақстанның PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуы жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне, қазақстандық мектептерінде жүргізілген мониторинг қорытындыларға талдау жасалады, сондай-ақ халықаралық салыстырмалы зерттеулердің талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі. Білім беру сапасы дәл осы мағынада PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері сияқты білім алушылардың танымдық дамуын бақылаудың халықаралық танылған құралдарын қарастырады. Біздің жұмысымыздың мақсаты оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін әртүрлі зерттеулердің деректерін талдау. Зерттеу негізгі орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерін, оқу үдерісін ұйымдастыруды, сондай-ақ білім беру ұйымының, мұғалімдердің, оқушылардың және олардың отбасыларының сипаттамаларына байланысты факторларды зерттейді. Білім беру жетістіктерін бағалау үшін оқушыларды тестілеу, ал оқу нәтижелеріне әсер ететін факторлар туралы ақпарат алу үшін зерттеуге қатысқан оқушылардың, мұғалімдердің және мектеп әкімшілігінің сауалнамасы жүргізіледі. Біз PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері білім сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылатынын көреміз. Әр түрлі елдердің салыстырмалы зерттеулерін ескере отырып, білім беруді жаңарту стратегияларын әзірлеу өзекті және орынды болып көрінеді, өйткені интеграция жағдайында елдер өздерінің жетістіктерін бір-бірімен салыстырмай дами алмайды, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды мәселелерінде дамудың жалпы тәсілдері қажет. Әрбір қатысушы ел орта білім беру мазмұнының жай-күйі және оның әлемдегі даму перспективалары туралы бай талдамалық материал алуға мүмкіндігі бар. Бұл жоба білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлеріне, білім беру бөлімдерінің меңгерушілері мен әдіскерлеріне ұсынылады.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи