БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.020Кілт сөздер:
цифрландыру, бастауыш сынып оқушылары, білім ортасы, цифрлық сауаттылық, ақпараттық-компьютерлік сауаттылық, цифрлық білім беру ортасы, цифрлық технологиялар, цифрлық білім беру ресурстарыАннотация
Мақалада зерттелген мәселенің өзектілігі білім беру жүйесіне цифрландырудың әсеріне байланысты анықталған. Кішкентай мектеп жасындағы оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігі даусыз, өйткені бұл заман талабы болып табылады, сонымен қатар бұл қазіргі заманауи білім беру ортасында табысты оқытуға мүмкіндік беретін, тұлғаның цифрлық қоғамда әлеуметтенуінің маңызды факторы. Авторлар цифрлық білім беру ортасында бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығын ашып көрсетеді. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде «Цифрлық сауаттылық», «цифрлық білім беру ортасы» ұғымдарының мәні ашылады. Цифрлық білім беру ортасын, қауіпсіздікті, цифрлық технологияларды қолданудың нысаналы мақсатын және басқа салаларды пайдалану кезінде білім алушылардың дербестік дәрежесін анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының, мұғалімдердің сауалнамасының нәтижелері талданған. Цифрлық сауаттылық құрылымындағы негізгі дағдылар: ақпаратты түсіну және пайдалану дағдылары, ақпаратты бағалау дағдылары, цифрлық көздерді жүйелеу, цифрлық навигация, ақпаратты құру дағдылары, цифрлық қауіпсіздік дағдылары ашылып көрсетіледі. Цифрлық білім беру ортасының құрамдас бөлігі ретінде авторлар цифрлық технологиялар, цифрлық білім беру ресурстары, қарым-қатынас, педагогикалық технологияларды анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыруда білім беру ортасының мүмкіндіктері анықталды: семантикалық (цифрлық технологияларды қолдану мақсатын, қауіпсіздік нормаларын түсіну); пәндік-материалдық (цифрлық орта жағдайларын қамтамасыз ету), әлеуметтік (қоғамдастықтар, қарым-қатынас); технологиялық (цифрлық технологиялар мен ресурстардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру әдістері). Мақалада ғылыми әдістерді пайдалана отырып цифрлық сауаттылықты қалыптастыру саласындағы дереккөздерге шолу жасалып, сауалнама, зерттеу нәтижелеріне талдаулар мен тұжырымдар жасалады.