Журналдың редакциялық саясаты

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Хабаршысы», «Педагогикалық ғылымдар» сериясы

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Хабаршысы», «Педагогикалық ғылымдар» сериясы Алматы қаласында орналасқан «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» акционерлік қоғамымен шығарылады.

Журналдың мақсаты – педагогикалық ғылымдар саласында Қазақстан мен шетелдік зерттеушілер мен практиктердің пікір алмасуын, тәжірибе жинақтауын және пәнаралық талқылауларын бастамалау.

Журнал саясаты адалдықты, ғылыми әділдікті, жарияланымдардың сапасын қамтамасыз етуге және педагогикалық ғылымдар саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты қолдауға бағытталған.

Журналдың редакциялық саясаты:

Заңнамалар мен нормативтерге сәйкестік.

Журнал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істейді:

  • «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I);
  • «Білім туралы» (2007 жылғы 27 шілде);
  • сондай-ақ ғылыми басылымдарды ұсынылатын тізімге енгізу талаптарын реттейтін ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес.

Жарияланымдардың этикалық стандарттары.

Журнал ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) принциптерін, сондай-ақ ұлттық және халықаралық ғылыми зерттеулердің этика кодекстерін ұстанады. Бұл мыналарды қамтиды:

  • плагиатпен және деректерді бұрмалаумен күрес;
  • мүдделер қақтығысын ашып көрсету кезіндегі ашықтық;
  • авторларға, рецензенттерге және оқырмандарға қатысты құпиялылық пен әділдікті қамтамасыз ету.

Сапа мен ғылыми маңыздылық.

Журналда тек түпнұсқа, бұрын жарияланбаған, тақырыпқа сәйкес зерттеулер жарияланады. Олар қосарлы соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді, бұл ғылыми және әдіснамалық сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Пәнаралық тәсіл және ғылыми диалогты дамыту.

Журнал педагогика саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер арасында пәнаралық пікірталастар мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Тілдік және аумақтық қолжетімділік.

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар жариялайды және оларды Қазақстан Республикасында да, шетелде де (ТМД елдері, алыс шетел) таратады.

Ашықтық пен жариялылық.

Журнал авторлар мен оқырмандарды жарияланым критерийлері, редакциялық процесс туралы хабардар етеді және өзінің қызметінде ашықтық қағидаттарын ұстанады.

Журнал мынадай оқырмандар мен мамандарға арналған:

  • Білім беру саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулермен айналысатын педагогика және іргелес ғылымдар саласындағы ғалымдар мен оқытушыларға;
  • Жоғары оқу орындарының педагогикалық қызметкерлеріне, ғылыми дәрежеге үміткерлерге;
  • Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен әдістерін пайдалануға мүдделі мектеп, мектепке дейінгі мекемелер және басқа да білім беру ұйымдарының педагогтарына;
  • Білім беру жүйесінің мекемелерін басқарумен және білім беру саясатын әзірлеумен айналысатын менеджерлер мен әкімшілерге;
  • Этнопедагогика, білім психологиясы және іргелес салалардағы мамандарға;
  • Әсіресе ТМД және алыс шет елдерде педагогика және білім беру саласында жұмыс істейтін халықаралық ғалымдар мен практиктер қауымдастығына.

Негізгі тақырыптық бағыттар:

  • Жоғары мектептегі мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасы;
  • Қазіргі заманғы білім беру технологиялары;
  • Этнопедагогика;
  • Мектептік және мектепке дейінгі педагогика.