ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.025Кілт сөздер:
үштілді білім беру, оқушы, мәдениет, құзыреттілік, мәдениетаралық, қарым-қатынас, қалыптастыру, әдіс-тәсілдерАннотация
Бұл мақала үштілді білім беру жағдайында оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні мен мазмұны және мүмкіндіктері мен маңыздылығы жайындағы өзекті мәселеге арналады. Аталмыш мәселенің өзектілігін айқындау мақсатында үш тілді білім беру, құзыреттілік, мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдарының зерттелу жай-күйіне педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қарастырылған отандық және шетелдік ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне жан-жақты талдаулар жасай отырып, авторлар өздерінің жеке анықтамаларын келтірген.
Үш тілді білім беру тұжырымдамасы арқылы өскелең ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға баулуға және әлемдік кеңістік пен көрші мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыруға болатындығы туралы теориялық және әдістемелік талдаулар қарастырылған.
Мақала шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде үштілді білім беруді мақсатты, жүйелі тұрғыдан ұйымдастыру арқылы оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруды практикамен ұштастырып, тәжірибелік жұмыстармен тығыз байланысты екендігі айтылады. Авторлар тәжірибе барысында тесттер, сауалнамалар, сұхбаттар, әңгімелесулер, оқушылардың сабақтардағы жұмысына тікелей мониторинг жасау, жазбаша жұмыстар және психологиялық жаттығулар мен әдістемелерді кеңінен қолданып және мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасаған.