ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СОМАТИЗМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖОО-ДА ОҚЫТЫЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.019Кілт сөздер:
соматизмдер, таным, когнитивтік парадигма, антропоөзектік, концептуалдық қор, педагогикалық технология, лексиканы оқыту, фразеологизмдерАннотация
Тіл табиғатын адам болмысымен бірлікте зерделеп, тіл мен таным ұғымдарын зерттеу мәселесі лингвистика ғылымының заңдылықтары мен ережелерін өмірге әкеліп, тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Осылайша, құрылымдық ұстанымдар, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының ауқымы кеңейе түседі. Мақалада қазақ тілінің лексикасын адамтанымдық бағытта оқыту сөз болады. Оның ішінде соматикалық лексиканы танымдық аспектісі талқыланып, оны оқытудың жолдары қарастырылады. Қазақ тіл білімінде антропоөзектік парадигмада соматикалық лексиканың зерттелу жайына шолу жасалып, тілдің лексикалық жүйесін толық бейнелейтін семантикалық өрістер сөз болады. Дене мүшелерінің атаулары негіз болған тілдік бірліктердің қолданыста репрезентациялануы арқылы жұмсалымы кеңінен талқыланады. Сөздік қордың ең өнімді өрісі соматизмдердің бірнешеуіне танымдық талдау жасау арқылы дәлелденеді. Қазіргі таңда да, халықтың рухани деңгейі дамуына сәйкес, қай салада, не зерттелсе де адами көзқараспен, ұлттық таныммен жасалған дүние үлкен сұранысқа ие болуда. Тіршіліктің басты құралы тіл болмысына зер салу, әрбір сөз мағынасын халықтық таным тереңінен суырып, тіл болмысын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау құбылысымен ұштастыру - отандық тіл ғылымын жаңа биікке көтерсе, жоғары оқу орнында болашақ тіл мамандарын дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымды дамыту үрдісімен ұштастыра оқытып, ұлттық болмысты тану мен мол байлықты қолдану дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада студенттерді болашақ тіл маманы ретінде олардың танымы мен сөздік қорын байыту, кешенді талдау негізінде оқутанымдық дағды қалыптастыру мәселесі талқыланады.