БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Алпысбай Л. А. АГУ
  • Кошербаева А.Н.
  • Уристенбекова Г.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.006

Кілт сөздер:

педагог-психолог, психологиялық қызмет, педагогикалық психология, құзіреттілік, қабілет, тәрбие, даярлық, жіктеу, педагогикалық және коммуникативтік құзыреттілік

Аннотация

Мақалада бoлашақ педагог-психологтердің құзыреттiлігін дaмытy мәселесі қойылған. Aвтoрлaр бүгıнгı білiмнiң қaрқынды дaмығaн  дәyiрiндe oны oқытушы пeдaгoгтер мeн бiлiм aлyшылaрдың aқпаратты қабылдай алу деңгейін дұрыс анықтап, одан әрі дамыту үшін психолог мамандардың атқаратын рөлі зор екендігіне назар аударады және болашақ педагог-психологтерге қойылатын талаптардың да жоғары екенін көрсетеді.

Білім мен тәрбие ісін aмaнат eтeр – педагог-психологтердің қоғамдағы атқаратын рөлі қаншалықты жоғары болса, олардың құзыреттілігі де соншалықты маңызды. Бұл зерттеудің мазмұнында құзыреттілік мәселесіне қатысты әртүрлі көзқарастар қарастырылады. Атап айтқанда, авторлар белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, зерттеушілердің теориялық және практикалық еңбектеріне тоқталады. Мақаланың шеңберінде құзыреттілік ұғымының бағыттары мен түрлері ғылыми көзқарастарға негізделіп сипатталады. Осы тұрғыда: адам мен оның қоғамда әлеуметтенуі (әлеуметтік өзара әсер ету, әлеуметтік құзыреттілік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, монолог, диалог, салт-дәстүр туралы сауаттылық т.б.), құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын ұстану және т.б. құзыреттіліктер. Аталған әр құзыреттіліктердің бағытын ашуда мақала авторлары ойларын түйіндей келе «құзыреттіліктер өзінің табиғатына, қызметіне қарай ерекшеленеді» -деген қорытынды жасайды.

Ұсынылып отырған мақала ерекшелігінің бірі, авторлар кең көлемді «құзырет» ұғымын педагог-психологтің қызметіне қатысты қарастырады. Сонымен қатар коммуникативті қабілетті педагог-психолог үшін ең қажетті деп түйіндейді және қабілеттің сипаттамасына, оның классификациясы мен белгілі тұжырымдамаларға тоқталады. Соның ішінде белгілі Ресей ғалымы В.А.Крутецкидің педагогикалық қабілеттердің тоғыз топқа бөлінетінін және маманның бүгінгі таңдағы мектеп қабырғасында жасайтын фунциялары көрсетіледі. Авторлар «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымын педагог-психологтің іс-әрекетіне қатысты талдап, әртүрлі анықтамалар мен сызбасын келтіреді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи